Параллелограмм және оның қасиеттері мен белгілері (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

 Параллелограмм және оның қасиеттері мен белгілері (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу
Сабақ тақырыбы: Параллелограмм және оның қасиеттері мен белгілері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.3 параллелограмм анықтамасын білу;
8.1.1.4 параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану;
8.1.1.5 параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану;
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар:
• параллеограммның анықтамасын білетін болады;
• практикалық жұмыстардың нәтижелерін салыстырып, талдай отырып параллеограммның қасиеттерін қорытып шығарады;
• параллеограммның қасиеттерін дәлелдейді;
• параллеограммның қасиеттерін қолдана отырып есептер шығарады;

Ұйымдастыру кезеңі.
Тірек білімдерді белсендендіру
Оқушыларға «Қосымша 1» үлестірмесіндегі тапсырмаларды орындауды ұсыныңыз.
№3 тапсырманы. Келесі тұжырымды атаңыз: «Параллелограммның қарама-қарсы қабырғалары тең».
Жауаптың таңдаңыз:
A). Аксиома
B). Параллеограммның анықтамасы
C). Параллеограммның белгісі
D). Параллеограммның қасиеті
№3 тапсырманы жоққа шығару әдісі арқылы жауаптардың D) нұсқасы дұрыс екеніне көз жеткіземіз.
Оқушылармен бірлесе отырып сабақ тақырыбын, мақсатын және дамудың жақын аймағын айқындау.
Топтық жұмыс.
Параллеограммның қасиеттері туралы теоремалады қорытыу және дәлелдеу.
Өткен сабақта өлшеулер жүргізу арқылы қорытындылар жасалған және солардың негізінде кесте толтырылған болатын.
Оқушыларды 4-5 оқушыдан құралған әр-түрлі деңгейлі топтарға бөлу. Кестені пайдаланып параллелограмның қасиетін құрастырып шығуға тапсырма беріңіз.

Мұғалім жұмыстың орындалуын қадағалап, қиындықтар болған жағдайды көмектеседі. Сондай-ақ, мұғалім сабақ үстінде оқушылардың ойлануына және жұмысты саналы түрде орындауына жағдай жасайды.
Оқушылар параллеограммның қсиетін құрастырады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, қажетінше түзетеді. Осы тұжырымдардың параллелограммның белгілері екенін айтады. Бірінші белгі мұғаліммен бірге сыныпта дәлелденеді. Дәлелдеудің үлгісін барлық оқушыларға тапсырмамен бірге үлестіреді. Әр топ өздеріне тиісті параллелограмның белгісін дәлелдейді, тақтаның алдында сыныпқа көрсетеді.
Қосымша 2. Параллелограммның қасиеттері.
Мұғалім топтардың дәлелдемелерін тыңдайды, қажет жерлерін түзетеді. Топ мүшелерінен жұмысты қорғаған оқушыны қолдай отырып, бағалайды.

Жұппен жұмыс. Өзара оқыту.
Параллеограммның белгілері мен қасиеттерін практикалық түрде қолдану. Қосымша 3.
Топқа бөліп, топ басшыларын тағайындау. Теориялық материалды меңгеруін бағалау үшін тапсырмалар ұсыну.
Оқушылар жеке жұмыс жасайды, бірақ түсінбеген сұрақтарын сыныптасымен жұпта талқылауына болады. Тіпті қиындық тудырса, тапсырманы барлық топ мүшелерімен талқылап орындауына болады. Жауаптарын кілт бойынша өзін-өзі тексереді.
Бірін бірі бағалу: оқушылар сыныптастарының теориялық материалды және теоремалардың дәлелдеуін қаншалықты жеткізе алғандығын өздері бағалайды. .......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру