Өсімдік мен жануарлар ұлпалары 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

 Өсімдік мен жануарлар ұлпалары 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық биология
Сабақ тақырыбы: Өсімдік мен жануарлар ұлпалары 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.4.2.1 өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктеу
Сабақтың мақсаты: 1.Өсімдік, жануар ұлпалары түрлерін ажырату;
2.Ұлпалардың ерекшеліктерін атқаратын қызметімен байланысын түсіндіру.

Ой толғау: Ағзалар зат алмасу, өсу, көбею сияқты тіршілік процесстерін жүзеге асыруға қалай бейімделген?
сұрағы талқыланады.
Оқушылар сұрақ туралы жеке ойланып, жұпта/топта талдап, сыныппен бөліседі.
Оқушылар ағзаның құрылымдық деңгейлерге бөлінуі олардың түрлі процесстерді атқаруға деген бейімделушілігі деген қорытындыға келуі тиіс.
Талқылау соңында оқушылардан қандай құрылым деңгейлері болады сұрағын талқылай отырып, жасушалар тобын ұлпа деп атайтынына тоқталады. Осы ұғымның анықтамасын беру арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаттары ашылады. Мұғалім ұлпаның өздеріне таныс (ксилема, флоэма) түрлерін атай отырып басқа түрлерімен танысатындығына тоқталады.

Мұғалімнің түсіндірмесі. Таныстырылымдағы ақпаратты оқушыларға сұрақтар қоя отырып түсіндіреді. Мысалы, ұлпаның қандай түрлерін біледі, ксилема мен флоэма қайда орналасқан, олардың атқаратын қызметтері қандай? т.б.
Мұғалім оқушыларға әртүрлі станцияларды аралай жүріп өсімдік жануар ұлпаларының ерекшеліктерін зерттеуді ұсынады. Бұл әрекет барысында оқушылар жұмыс парағының көмегімен зертханалық жұмысты орындайды.
Зертханалық жұмысты бастамас бұрын мұғалім оқушыларды техникалық қауіпсіздік ержелерімен таныстырады.
Микроскоппен жұмыс кезінде ылғи да ең кіші ұлғайту обьективімен жұмысты бастау ескертіледі. Басқа ұлғайтуға көшкен сайын заттық үстелді төмен түсіру қажет екендігі айтылады.
Станциялар:
1. паренхима
2. колленихима
3. склеренхима
4. эпидермис
5. флоэма
6. ксилема
7. жануар ұлпалары.
Әр станцияда ұлпа түрі туралы ақпарат, суреті, микропрепараты немесе тірі үлгісі қойылған.
Осы ресурстардың көмегімен оқушылар өсімдік жануар ұлпаларының түрлерімен танысып, зертханалық жұмысты орындайды. Тірі үлгі, сурет, сызбалардан ұлпа түрінің ерекшеліктерін анықтап, суретін салып, қысқаша сипаттамалар береді.
Кейбір ұлпалардың суреттері, тірі үлгісі немесе микропрепараты болмаса оқушыларға видеоматериалдарды қолдану ұсынылады. Видеолардың көмегімен зертханалық жұмыстың кейбір бөлігін орындауға болады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру