Дәрумендер 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

 Дәрумендер 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоректену
Сабақтың тақырыбы: Дәрумендер 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.1.2.5 адам ағзасындағы дәрумендердің маңыздылығын сипаттау
8.1.2.6 құрамында дәрумендердің маңызды мөлшері бар азық-түліктер тізімін жасау
Сабақтың мақсаты: Дәрумендерге сипаттама беру;
Дәрумендердің мөлшеріне байланысты түрлерін атау.

Тақырыптың өзектілігін ашу үшін оқушыларға сатылымдағы дәрумендердің қасиеттерін анықтау тапсырмасы ұсынылады. Оларға капсуладағы А, Е дәрумендері мен C, В тобының дәрумендері ұсынылады. Оқушылар олардың осындай екі түрлі формада өндірілуінің себебін түсіндіреді. Содан кейін оларды суға салып көреді. Бұл жұмыстан оқушылар дәрумендер суда еритін және ерімейтін болып екі топқа жіктелетінін біледі. Осы қасиеттеріне байланысты олардың өндірілуі де екі түрлі формада болатынын түсінеді.
Майда еритіндер: А, D, Е, К дәрумендері жатады.
Суда еритін дәрумендер: С, РР және В тобындағы барлық дәрумендер жатады.
Осы қорытындыдан сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін сұрағы арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.
Дәрумендер туралы нені білу қажет сұрағы арқылы сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтап, бағалау критерийлері таныстырылады.

Оқушылар «Экономикалық тиімділік» ойынын ойнайды. Ойынның мақсаты: тағам өнімін жарнамалау. Оқушылар жарнамалау барысында: тағамның құрамы, оның бағалық категориясы, адам ағзасы үшін маңыздылығы сияқты аспектілерін ойластыру қажет. Әсіресе тағам өнімін құрамындағы дәруменнің мөлшеріне, ағза үшін маңызы, ағзада жетіспеушілігінен туындайтын аурулардың алдыну алудағы рөліне байланысты ақпараттар ұсынылады. Жарнаманы әзірлеу үшін оқушыларға дәрумен түрлері, ағзадағы маңызы, жетіспеушілігінен туындайтын аурулар, олардың алдын алу үшін қажетті тағам өнімдері мысалдары туралы ресурс көздерін ұсынады. Сонымен қатар оқушыларға кез келген тиімді ақпаратты қосуына болады.
Мұғалім оқушыға жарнама даярлау барысында бағыт береді және қолдау көрсетеді.

Жарнамаға қойылатын критерийлер:
1. Жарнаманың сапасы сурет бойынша көрсетілімі құрамы, бағалық категориясы бойынша 3 аспектіден кем болмау керек;
2. Тағам өнімінің этикеткалары қолданылады.
3. Дәруменнің барлық түрлері (А, В, К, Е, С, D) қамтылған.

Жарнаманың мазмұны:
1.Аурудың туындау себептері (ағзада қандай процесстер бұзылатынын)
2. Аурудың белгілері (кем дегенде 2)
3. Дәруменнің адам ағзасындағы маңызы
4. Тәуліктік мөлшері, ерігіштігі
5. Мөлшері көп азық-түліктердің тізімі (кем дегенде 3)
6. Авитоминоздың алдын алу жолдарын қамтиды.
Жарнамаларда комикстер, рөлдік қойылымдар, мақалалар, өлеңдер т.б болуы мүмкін.

Ресрус ретінде оқушыларға ақпараттық парақшалар, видеоматериалдар, ммүкін болса қосымша интернет көздері ұсынылады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру