Архимед ашқан жаңалық (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

 Архимед ашқан жаңалық (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы.
Сабақтың тақырыбы: Архимед ашқан жаңалық
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 4.5.1.1 - Архимед күшін сипаттау және оның білінуіне мысал келтіру;
4.5.1.2 - судағы түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау;
4.1.2.1 - зерттеу әдістерін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
4.1.2.2 - нәтижені оқушы таңдауымен графикалық түрде ұсыну;
Сабақ мақсаттары: Архимед заңымен таныстыру , Архимед күшін сипаттау және оның білінуіне мысал келтіру;

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Сабақ басталды.Отырыңдар.Қазір ғылымға кіріспе сабағы.
- Балалар өз есімдерің қандай мағына білдіреді?
Суреттегі кім?
– ≪Ал Эвриканың есімі қандай мағына беретінін білесіңдер ме?≫
Мультфилмьді көрсету

Эврика «Мен таптым!» деген қуаныш сезімін білдіретін сөз. Бұл сөзді алғаш рет жаңалық ашқанда грек ғалымы Архимед айтқан. Эврика сөзі қиын шешімдердің кілтін тапқанда айтылатын сөз.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
Архимед ашқан жаңалықпен танысасың;
Судағы дененің суды ығыстыратынын білесің.
-Архимед туралы не білесіңдер?
Оқушылар оның ерте заманда жүк көтеруге арналған
механизмдер ойлап тапқанын айта алады. Оқушылар суретке қарап болжам жасайық.
-Ваннадан су неліктен төгілді (себебі, ваннаға
су толтырып құйылды, адам отырған кезде, су деңгейі
одан әрі көтеріледі).
-Сен өзің осындай жағдайда болдың ба? (Оқушылар өздерінің тәжірибесімен бөліседі.)
- Су төгілмеу үшін не істеу керек (Ваннаға суды аз құю керек).
-Сонда су деңгейі көтерілмей ме деп сұраңыз. Балалар су
көтеріледі, бірақ ваннадан аспайды деп жауап береді.
-Енді сол ваннаға үлкен кісі түссе қанша су төгіледі, кішкентай бала түссе қанша су төгіледі деп сұраңыз. Балалар өз тәжірибелеріне сүйеніп, бір су толтырылған ваннадан
үлкен кісі түскенде, көбірек су төгілетінін айтады.
-Неліктен деп сұраңыз. Балалар денелерінің үлкен кішілігімен
түсіндіреді.
Ендеше, Архимедтің ашқан жаңалығын жасап көрейік.
Зертте. Зерттеу жұмысын жүргізу үшін оқушыларды
топтарға біріктіру.

Ресурстарды таратып беріңіз: орта-
лай су құйылған шыны немесе пластик стақан, ермексаз,
маркер.
Жүргізуге арналған нұсқаулық
• Ермексаздан көлемі бірдей етіп бес шар жасайды;
• Стақанда тұрған судың деңгейін маркермен бел-
гілейді;........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру