Күн жүйесі ғаламшарларының қозғалысы (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

 Күн жүйесі ғаламшарларының қозғалысы (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Ғарышқа саяхат»
Сабақ тақырыбы: Күн жүйесі ғаламшарларының қозғалысы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.4.2.1 Күн жүйесі ғаламшарларының қозғалысын сипаттау
Сабақ мақсаттары: Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалысын тәжірибе жасау арқылы анықтау.

Оқушылармен өткен тақырып аясында әңгімелесу. Сұрақтар қою.
• Жер ғаламшарының дәл үлгісі (Глобус)
• Ең үлкен материк (Евразия)
• Ең кішкентай материк (Австралия)
• Глобус латын тілінен аударғанда (шар) деген мағынаны білдіреді
• Жердегі құрлықтар саны (6)
• Жер бетіндегі мұхитар саны (4)
Бағалау критерийі:
Ешбір қате жоқ -
Бір қате -
Екі қате - /
(Ж, Қ) Оқушылардың Күннен ұзақтау орналасуына қарай ғаламшарларды атап шығуын сұрау.
(Ұ) Сыныптан 9 оқушыны таңдау, әрқайсысына роль беру: Күн және 8 ғаламшар.
Топтан бір оқушы Күнді білдіреді, топтың қалғандары белгілі бір ғаламшарды білдіреді, олар ғаламшарлардың орналасу тәртібін сақтайды.
Оқушыларға Күн мен ғаламшарлардың ара қашықтығын бағалауды және соған сай алаңдағы орнын алуды ұсынылады.
Ғаламшар орналасуы мен Күнді айналуын көрсету үшін алаңда қалай орналасқаны туралы қорытынды жасауды ұсыну.
(МК,Ұ) Үш тілде сабақтың тақырыбын ашатын сөздер мен сөздер атауын көрсету, сөздік қорларын молайту.
қозғалыс – движение - move
ғаламшар – планета - planet
Күн жүйесі - солнечная система - solar system
Ғарыш әлемін зерттейтін ғылым саласы астрономия грек тілінен аударғанда астрон – жұлдыз, ал номос– заңдылық дегенді білдіреді. Ғылым дамып, тылсым Ғаламның құпияларын адамзат баласы ашты. Бүгінгі сабағымызда топпен ғарыш саяхатына барып, зерттеулер жасаймыз. Әр топтың өз тапсырмасы болады. Зерттеудің нәтижесі әрбіреулеріңізден байланысты болады. Біз өзімізбен артық нәрсе алмаймыз, тек оқушы құралдары және ұйымшылдық, зеректік пен білім болуы керек.
(Т) Топтық жұмыстың ережесі «5Т ережесі» стратегиясын қолдану.
- тәртіп
- талап
- татулық
- тазалық
- тыныштық
Мақсаты: Топтық жұмыс кезінде өздерінің ойын толық жеткізу және өзгенің ойын тыңдап, ой бөлісуге үйрету.
Мұғалім: Топтық жұмысқа оқушылардың қатысуын бағалау парағына белгілеп отыру.
Топтық жұмысының орындалу нұсқауымен таныстыру.
Топтар өз жұмысын қорғап болғаннан кейін, топ басшысы топ мүшелерін дескрипторлар бойынша бағалап отырады.
(Т) №1 «Ғарышкерлер» тобының жұмыс парағы
Тапсырма: Ғаламшар атмосферасының температурасына Күннің арақашықтығы қалай әсер ететінін анықтаңыздар.
Құралдар:
екі термометр, (1 м)сызғыш, үстел лампасы.
Нұсқау:
1.Үстел лампасын партаның сол жақ шетіне қойыңыз. Сызғышты лампаның алдына жарық түсетіндей етіп қойыңыз.
2.Бірінші градусникті лампаның жарығына арасы 10 см етіп, ал екінші лампаны арасы 50 см етіп орналастырыңыз.
3. Лампаны жағып, температураның өзгеруін қадағалаңыз.Бес мин кейін көрсеткішін жазыңыз.
Термометр 1 Термометр 2
t=__________ t= _________
Қорытынды:
1. Неліктен үстел шамынан алыс жатқан термометрдің көрсеткен температурасы төмен, ал жақын орналасқан термометрдің температурасы жоғары?
2. Осы үлгі Күн жүйесі ғаламшарларының беткі температурасына әсер етеді деп ойлайсыңдар?

№2 «Зерттеушілер» тобының тапсырмасы.
Тапсырма. Ғаламшарларды Күннен алшақтау ретімен орналастырыңыз.
Құралдар: (ғаламшарлардың атауы көрсетілген суреттері, жауап жоспары, ғаламшар мен Күннің арақашықтық кестесі).......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру