Материктер мен мұхиттар 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

 Материктер мен мұхиттар 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам.
Сабақтың тақырыбы: Материктер мен мұхиттар 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты: 6.2.6.1 жоспар бойынша материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтай алады;
материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін жоспар бойынша сипаттай алады.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сынып ішінде жағымды атмосфера орнату. Оқушыларды топтарға біріктіру: Евразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Австралия.
Топқа бөлу: Мемлекеттің атаулары жазылып, жасырын тұрған қағаздан әр оқушы бір-бірден алады. Осы елдерді қандай ортақ ұқсастықтары бойынша топтастыруға болатындығы айтылады.
Ұсынылатын елдер:
Евразия – Қазақстан, Франция, Сауд Арабиясы, Жапония, Австрия т.б.
Солтүстік Америка – Канада, Мексика, Куба, АҚШ т.б.
Оңтүстік Америка – Аргентина, Чили, Эквадор, Колумбия т.б.
Африка – Замбия, Алжир, Египет, Конго Демократиялық республикасы т.б.
Австралия – Австралия Одағы, Жаңа Зеландия, Тасмания т.б.
2. Ой қозғау:
Қандай ұқсастық бойынша топтастырдыңыздар?
- бүгін сабақ не туралы болады?
- қандай тақырыпты өтеміз?
3. Мақсатты тұжырымдау
Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін талдау. Сабақтың негізгі терминдерімен таныстыру.
(Тақтада жазылады немесе карточкаларда жазылу)
4. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Материктердің физикалық-географиялық жағдайына жоспар бойынша сипаттама беру:
Материк атауы және ауданы
Материктің экваторға, нөлдік меридианға және тропикке қатысты орналасуы
Шеткі нүктелері мен олардың координаталары
Материктің солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай созылуы (км-мен)
Материк жағалауларын қандай мұхиттар мен теңіз сулары шайып жатыр
Материк қандай климаттық белдеулерде орналасқан
Басқа материктерге қатысты орны
Қорытынды шығару
Антарктида материгі мысалында жоспарды оқушылармен бірге талдау.
5. Білімді бекіту
Топтық жұмыс. Әр топ (Евразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия) өз материктерін берілген жоспар негізінде талдап, ақпараттарын постерге түсіреді.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру