Дискреттік кездейсоқ шаманың сандық сипаттамалары 3-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

 Дискреттік кездейсоқ шаманың сандық сипаттамалары 3-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4А Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары
Сабақтың тақырыбы: Дискреттік кездейсоқ шаманың сандық сипаттамалары 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.8 дискреттік кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептейді;
Сабақ мақсаты: дискреттік кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептейді;

І.Ұйымдастыру кезеңі
Стратегия «Сенемін- сенбеймін»
Берілген сөйлемдерді оқып, дұрыс пе, дұрыс емес пе екенін анықтайды. (Қате жіберген сөздер қара түспен белгіленген)
Тәжірибе нәтижесінде алдын-ала белгілі, бірақ нақтылы бір мән ғана қабылдайтын шама кездейсоқ шама дейміз.
Қате (алдын-ала белгісіз)
Кездейсоқ шамалар дискретті және шексіз кездейсоқ шамаларға бөлінеді.
Қате (үсіліссіз)
Дискретті кездейсоқ шаманың үлестірім заңы кездейсоқ шаманы толық сипаттамайды.
Қате (толық сипаттайды )
Дискретті кездейсоқ шаманың мәндерінің саны тек қана шектелген болуы мүмкін .
Қате ( шектелмеген де болуы мүмкін).
Х кездейсоқ шаманың математикалық күтімі Х кездейсоқ шаманың мәндерінің орташа мәніне тең деп айтуға болады.
Дұрыс
Дискреттік кездейсоқ шаманың математикалық күтімі деп оның барлық мәндерімен олардың ықтималдықтарына көбейтінділерінің айырмасын айтады.
Қате (қосындысы)
Дискреттік кездейсоқ шаманың математикалық күтімін табу үшін мынадай формуланы: M(X) = ∑_(i=1)^n▒〖x_i⋅p_i 〗 пайдаланамыз.
Дұрыс
Кездейсоқ шаманың қабылдайтын мәндерін көрсетіп жазуды дискретті кездейсоқ шаманың үлестірім заңы деп атайды.
Қате
(қабылдайтын мәндері мен сәйкес ықтималдықтарын
көрсетеді)
Дискретті кездейсоқ шаманың үлестірім заңы:
1) кесте түрінде;
2) графиктік түрде;
3) аналитикалық тәсілмен берілуі мүмкін (формула арқылы).
Дұрыс
Оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын анықтау
ІІ. Жаңа материал.
Математикалық күтімнің қасиеттерін қайталау:
1. Тұрақты санның математикалық күтімі сол санның өзіне тең: M(C) = C.
2. Тұрақты көбейткішті математикалық күтім белгісінің алдына шығаруға болады: M(CX) = CM(X).
3. Бірнеше кездейсоқ шамалар қосындысының математикалық күтімі қосылғыштардың математикалық күтімдерінің қосындысына тең:M(X+Y+Z) = M(X)+M(Y)+M(Z).
4. Бірнеше өзара тәуелсіз кездейсоқ шамалар көбейтіндісінің математикалық күтімі олардың математикалық күтімдерінің көбейтіндісіне тең:
M(X*Y*Z) = M(X)*M(Y)*M(Z).
Жұптық жұмыс: (математикалық күтімнің формуласын үйрену үшін)
Берілген қатар бойынша дискреттік Х кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептеңіз, сәйкестікті орнатыңыз.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру