Теңсіздіктер жүйелерін шешу 1-сабақ (Б-бөлім) (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

 Теңсіздіктер жүйелерін шешу 1-сабақ (Б-бөлім) (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Теңсіздіктер
Сабақ тақырыбы: Теңсіздіктер жүйелерін шешу 1-сабақ (Б-бөлім)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.10 біреуі сызықтық, екіншісі - квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу
Сабақ мақсаттары: • Біреуі сызықтық, ал екіншісі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін шешу;
• Теңсіздіктер жүйесін құру арқылы шешілетін мәтіндік есептерді шешу, біреуі – сызықтық, ал екіншісі – квадраттық;
• Теңсіздіктер жүйесін шешу арқылы функцияның анықталу облысын табу.

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.
Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

Қайталау.
Жаңа тақырыпты тереңінен оқып-білу мақсатында мұғалім оқушыларға келесі қайталау сұрақтарын қояды:
Қандай теңсіздіктер квадраттық деп аталады?
Квадрат теңсіздіктерді шешу тәсілдерін атаңыз?
Интервалдар әдісінің мағынасын түсіндіріңіз?
Квадраттық функция графигінің көмегімен квадрат теңсіздікті қалай шешуге болады?

Осыдан кейін мұғалім оқушыларға квадрат теңсіздіктерді шешуді ұсынады, онда олар квадрат теңсіздікті шешудің әртүрлі тәсілдерін қолданады.
Қайталау кезеңі аяқталғаннан кейін оқушылар мұғаліммен бірге қорытынды жасайды.
3. Теңсіздіктер жүйесін шешу алгоритмін енгізу.
Мұғалім теңсіздіктер жүйесін шешу дегеніміз – ол жүйенің әрбір теңсіздігі дұрыс болатын айнымалының мәнін табу екендігін түсіндіреді.
Осыдан кейін мұғалім теңсіздіктер жүйесін шешу алгоритмін қорытады:
1) Жүйенің әр теңсіздігін жеке шешеміз;
2) Алынған шешімдерді сан осінде бейнелеп, осы шешімдердің қиылысуын табамыз.
Осы шешім теңсіздіктер жүйесінің шешімі болып табылады.
Осыдан кейін мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:
Теңсіздіктер жүйесінің шешімі не болады, егер оның теңсіздіктерінің біреуінің жауабы:
а) ∅;
б) R?
Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап береді, мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады және қорытынды жасайды. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру