Теңсіздіктер жүйелерін шешу 4-сабақ (А-бөлім) (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

 Теңсіздіктер жүйелерін шешу 4-сабақ (А-бөлім) (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Теңсіздіктер
Сабақ тақырыбы: Теңсіздіктер жүйелерін шешу 4-сабақ (А-бөлім)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.10 біреуі сызықтық, екіншісі - квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• Есептің шарты бойынша теңсіздіктер жүйесін құрады;
• Сызықтық және квадрат теңсіздіктерді шешеді;
• Теңсіздіктер жүйесін шешеді.

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.
Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

Қайталау.
Мұғалім оқушыларға біреуі сызықтық, ал екіншісі квадрат теңсізідктерді шешу алгоритмін қайталайды. Сонымен қатар, оқушыларға келесі сұрақтарды қояды:
- Теңсіздіктер жүйесін шешу кезінде әр теңсізідктің жауаптарын біріктіре ме, әлде қиылыстыра ма?
- Егер екі теңсіздіктің біреуінің шешімі жоқ болса (құр жиын болса), онда теңсіздіктер жүйесінің шешімі бола ма?
- Егер екі теңсіздіктің біреуінің шешімі кез келген сан болса (барлық нақты сандар жиыны), онда теңсіздіктер жүйесінің шешімі не болады?

Теңсіздіктер жүйесі арқылы геометриялық есептерді шешу.
Мұғалім оқылған тақырыптың қолданысын көрсету мақсатында оқушыларға теңсіздіктер жүйесін құру арқылы шығарылатын қолданбалы есепті шығаруды кіші топтарда ұсынады.
Мысал: ABCD бақшасы трапеция пішіндес (сурет).

Ұзындықтар метрмен көрсетілген. А және В бұрыштары – тік бұрыштар.
а) Бақшаның ауданы 3x^2+15x+18 квадрат (шаршы) метрге тең болатынын көрсетіңіз.
Шешуі:
S_ABCD=(x+5+2x+1)/2∙(2x+6)=(3x+6)(x+3)=3x^2+15x+18

b) Бақшаның АВ ұзындығы 32 метрден кем.
Бақшаның ауданы 270 квадрат метрден артық.
х-тің мүмкін болатын мәндер жиынын табыңыз......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру