Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)
Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3С Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы(1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.4.2.1 – капиталистік қатынастардың экономикаға ықпалын анықтау
Сабақтың мақсаты: Капиталистік қатынастардың Қазақстан экономикасына ықпалын анықтап, оның қазақ халқының өміріне әсерін талдау
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
(Б) Ұйымдастыру сәті. Топтастыру.
Б Оқушылар сыныпқа кіріп келе жатқанда, тақырыпқа қатысты суреті бар карточкалар бір-бірлеп таратылады (тау кен өндірісін бейнелеген карточкалар, ауыл шаруашылығын бейнелеген карточкалар, темір жолдар- сауда ісі- банк-қаржы қатынастарын бейнелейтін карточкалар. Ескерту! темір жолдар, сауда, банк-қаржы қатынастары туралы ақпарат шағын болғандықтан біріктірілді).Қолдарындағы карточкалардағы суреттерге сәйкес оқушылар топтасады.
Ой шақыру. Тақырыпқа шығу.
Сынып бөлмесінің қабырғаларына тақырыпқа қатысты суреттер ілінеді (капиталист, жұмысшы, темір жолдар және оқушылардың топқа бөлуге арналған суреттер). Ілінген суреттерге қарап, оқушылар жаңа тақырыпты болжайды.
М. -Суретті көріп, сіздерге қандай ой келді?Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталуы мүмкін?
Б Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.
М Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Жаңа ұғымдармен жұмыс
«Сөздер банкі»
Шыны банкке жаңа ұғымдар мен бұрыннан таныс ұғымдар жазылған карточкалар салынады. Қалауынша оқушылар бір-бірлеп, шыны банктан карточканы алып, ондағы ұғымды оқиды. Суырып алынған карточкадағы сөз тақырыпқа қатыссыз болса, үстелдің үстіне қалдырып, тақырыпқа қатысты болса, тақтаға іледі де, мағынасын түсіндіреді. Оқушы жауабы толық болмаған жағдайда мұғалім толықтырады.Қалған оқушылар жаңа ұғымдар мен оның мағынасын дәптерлеріне жазып отырады.
1 Өндіріс Белгілі бір өнімді шығаратын орын
3 Банк Қаржылық қызмет крсету мекемесі
4 Қаржы Ақша
5 Жалдамалы жұмысшы табы Жұмыс күшін сату арқылы күн көретін өндірістегі кедей
6 Буржуазия
Елдегі капиталдың біраз бөлігін иемденген өндіріс пен саудадағы және қаржы салаларындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлға
7 Жатақ Көшіп-қонатын күш көлігі болмағандықтан, үнемі қыстауда немесе қала маңында тұрып күн көрген кедейлер
8 Ереуіл Жұмыс берушіге қарсы жұмысшылардың қарсылығы
(Т) 1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс
«Қазақстандағы капиталистік қатынастар»
Топтарға Қазақстандағы тау-кен өндірісі, ауыл шаруашылығы өндірісі, сауда ісі, банк-ақша қатынастары туралы мәтіндер таратылады. Ескерту! темір жолдар, сауда, банк-қаржы қатынастары туралы ақпарат шағын болғандықтан біріктірілді.Топтағы оқушылар мәтін мазмұнын оқып, топ ішінде талқылайды. Әр топтың оқушылары тапсырмаға қатысты игерген ақпаратты сыныптастарымен бөліседі. Топтар бір-бірін бағалайды, бір-біріне кері байланыс береді.(Тапсырма шартын түсіндіру үшін мұғалімге 1 минут, тапсырманы игеру үшін әр топқа 7 минут, игерген ақпараттарын жариялау үшін 4 минут беріледі).....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: умж ұмж сабақ жоспары Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы (1-сабақ) 8 сынып тарих, қазақстан тарихынан ұмж умж ұзақ мерзімді сабақ жоспары, долгосрочный план на казахском языке, қазақстан тарихы умж ұмж узак мерзимди сабак жоспары, Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы (1-сабақ)