Жәрмеңке саудасының дамуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

 Жәрмеңке саудасының дамуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3С Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: Жәрмеңке саудасының дамуы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.4.2.2 – сауда қатынастарына жәрмеңкелердің әкелген өзгерістерін анықтау
Сабақтың мақсаты: XIXғ басындағы Қазақстандағы сауда қатынастарындағы жәрмеңкенің ролін түсінеді.
(Б) Өткен материалды тексеру.
- ХІХ ғ. Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуының себептері қандай?
- Патша өкіметінің көздеген мақсаты?
- Капиталистік қатынастар шаруашылықтың қай салаларында дамыды?Нақты мысалдар келтіріңіз.
(Б) Ұйымдастыру сәті. Қызығушылықты ояту кезеңі.
БЫМ Төмендегі суреттер ұсынылып, оқушылардың зейіні жаңа сабақтың тақырыбын анықтауға аударылады.
(Б) Ой шақыру.Тақырыпқа шығу.
(М) -Нені байқадыңыз?
-Жәрменкелер қандай мақсатта ұйымдастырылды?
(М) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): дәлел
Зерттеу сұрағы: Қоянды жәрмеңкесіне неліктен халық көп жиналды?
Жаңа ұғымдармен жұмыс.
Делдал-саудагер мен қазақты байланыстырушы адам
Жәрмеңкелер – жылдың белгілі бір мерзімдерінде сауда-саттық ұйымдастырылып отыратын орын.
Айырбас сауда – айырбас арқылы ақшасыз сауда жасау.
Қамба қоймалар – астық, ұн, азық-түлік сақтайтын орындар
Зерттеу мен талдау
Мұғалім сабақ тақырыбының мазмұнына ену мақсатында оқушыларға диалогтік-сатылай сұрақ қою тапсырмасын орындатату үшін бейнематериалмен жұмыс ұйымдастырады.
(Б) 1-тапсырма. Бейнематериалмен жұмыс.
Жәрмеңкелер тарихы туралы бейнематериал көрсетіледі. Оқушылар бейнематериал мазмұнын тыңдай отырып, төмендегі тапсырманы орындайды.(Ескеретін жайт, сынып оқушыларының ерекшелігі ескеріледі. Кей жағдайда бір тыңдағаннан орындайтын сыныптарға бейнематериал бір рет қана көрсетіледі). Оқушылардың бейнематериал мазмұнының негізгі, маңызды ақпаратын қаншалықты игергенін анықтау үшін алдын-ала сұрақтар жазылған парақша ұсынылады. 2 рет тыңдалым тапсырмасы көрсетіліп, төмендегі сұрақтарға жауап беру ұйымдастырылады. Бірінші тыңдалым «тыңдап-тоқтап-жазу» үрдісі бойынша жүргізіледі де, ал екіншісі үзіліссіз тыңдалып, жауапты пысықтап-тексеру үрдісі ретінде орындалады. Тапсырма орындалып болған соң, мұғалімнің ұсынған дайын жауаптары арқылы әр оқушы өзінің жұмысының «дұрыс/бұрысын» тексереді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру