Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру Б. Төлеубайұлы «Тұңғыш қазақ ғарышкері» (3 сынып, III тоқсан)
Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру Б. Төлеубайұлы «Тұңғыш қазақ ғарышкері»
Оқу мақсаттары: 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау
3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады, шығармадағы оқиғаларға сүйеніп дамуын болжай алады.
Көптеген оқушылар: шығарма мазмұны бойынша қолдануға, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және оған жауап бере алады, кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне сүйеніп сюжеттің дамуын болжай алады.
Кейбір оқушылар: шығарма мазмұны бойынша бағалауға негізделген сұрақтар қоя алады жауап бере алады, кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне сүйеніп сюжеттің дамуын дәлелдер келтіре отырып болжай алады.
Сабақтың басы
Ширату жаттығуы
(Ұ, МК) «Ғарышкерлер» ойыны.
Зымырандарды күтеміз
Серуендеу үшін Планетадаға.
Қалаған жаққа кетеміз,
Мұндай зымыранда!
Бірақ құпия бар ойында:
Кешіккенге орын жоқ онда!
Сыныптың әр бұрышына үшбұрыш фигурадан зымыран макеті немесе суреті қойылады. Әр зымыранға 3 жолаушы (оқушы санына байланысты 4,5 жолаушы ) отыратыны белгіленеді (жазып немесе жабыстырып қойылады). Орын барлық оқушы үшін еместігі ескертіледі. Зымырандарға келесі атаулар беріледі:
«Жер – Ай – Жер», «Жер – Марс – Жер»,
«Жер – Шолпан – Жер», «Жер – Нептун – Жер»,
Мұғалім өлеңді дауыстап оқыған соң шапалақ соғып, не ысқырықпен белгі бергенде оқушылар жүгіріп кез-келген зымыраннан орын алып тұру керек. (Бірін-бірі итеруге болмайтыны ескертіледі). Зымыранға кешіккен оқушылар ортаға жиналады. Ойынды бірнеше айналымда өткізуге болады.
Планеталардың атаулары бойынша топқа бөлу:
1 топ – Жер
2 топ – Марс
3 топ – Шолпан
Бастапқы білімді қайталау
(Ұ, МК). «Суреттер сөйлейді» әдісі
Оқушыларға бөлім тақырыбына байланысты бірнеше атақты тұлғалар суреттері таратылады. (алдыңғы оқуларда танысқан тұлғалардың суреттері қолданылады). Сол суреттерге сүйене отырып, өздеріне таныс тұлғалар туралы әңгімелеу жүргізеді.
Әміре Қашаубаев, Абай Құнанбаев, Роза Рымбаева т.б.
˗ Бұл адамның атағы туралы не айта аласыңдар?
- Олар қазақ еліне қандай еңбек сіңірді деп ойлайсың?
˗ Басқа қандай атақты адамдар туралы білесің?
(ҚБ) «Жапондық» әдіс арқылы оқушылар бір-бірінің жауаптарын өзара керемет, тамаша, өте жақсы, т.б. бағасын береді.
Сабақтың тақырыбы және оқу мақсатын хабарлау.
Б. Төлеубайұлының «Тұңғыш қазақ ғарышкері» әңгімесі бойынша сұрақтар қоюды, шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп болжауды үйренеміз.
Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Ұ, МК) «Бірлескен оқылым» тәсілі
Б. Төлеубайұлының «Тұңғыш қазақ ғарышкері» әңгімесін оқу ұсынылады. Сараптамалық оқуға назар аударылады.
(Т, Ө) «Блиц-бақылау» әдісіне сүйене отырып, әңгіменің мазмұны бойынша қолдануға, практикалық бағалауға негізделген сұрақтар қойып және жауап беру ұсынылады. Әр топқа А4 парақтары таратылады.
Оқушыларға әрқайсысының жауабы 1-2 сөзден ғана тұратын бірнеше (4-5) сұрақты біртіндеп айтып тұрып, аз уақыт ішінде (30-60 секунд) әр топқа жеке қысқаша жауаптар жазу тапсырылады. Соңынан мұғалім дұрыс жауаптарды айтады, оқушылар жауаптардың алдына «+» немесе «-» белгісінің бірін қойып, соңына нәтижесі мен берілген шартқа байланысты бағасын жазып, мұғалімге өз парақтарын өткізеді. Ең жоғары балл сұрақ санына байланысты (5 сұрақ – 5 балл).
Сұрақтар үлгісі:
1. Тоқтар қайда қосылды?
2. Тоқтар кімдердің тарапынан жоғары баға алды?
3. Халықына батыр ұлын алғаш таныстырған кім?
4. Тоқтардың мінезі қандай еді?
5. Атақты тұлға қазақ балаларына қандай тілек айтты?
Саралау: Қорытынды тәсіл арқылы саралау жоспарланады. Қабілеттеріне қарай әр топтың сұрақтарға берген жауаптары әртүрлі болуы мүмкіндігі ескеріледі.
(ҚБ) «Шапалақ» әдісі арқылы әр топтың жауаптарының дұрыстығы өзара бағаланады. Барлық жауап дұрыс болса, үш шапалақ соғылады, жауап жартылай дұрыс болса, екі шапалақ соғылады, бір жауап дұрыс болса, бір шапалақ соғылады.
2-тапсырма
(Ұ, Т, МК) «Биопоэма» әдісі арқылы «Тұңғыш қазақ ғарышкері» әңгімесіндегі кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау ұсынылады.
Парақтың үлгісі:
Шығарманың атауы
Кейіпкерлер
Мінез-құлқы
Іс-әрекеті
Оқиға
Сюжеттің дамуы
Оқиғаны болжау
Тұжырым шығару
Әр топқа А-4 парақ таратылады. Топтар парақты 8 бөлікке бөліп, әр бөлікке оқыған шығарма туралы маңызды ақпаратты толтырады. Мәліметтерді толықтырып болған соң, бүкіл топ мүшелерінің біреуінен парақтар талданып, саралап, мәліметті толықтырып, сюжеттің дамуын болжау бойынша ортақ тұжырым шығарылады.
Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы мұғалім қолдауды қажет ететін оқушылар тобына қосымша сұрақтар қою арқылы сюжетті болжауға бағыттайды.
(ҚБ) «От шашу» әдісі арқылы сыныптың сабаққа қызығушылықтарын арттыру үшін оқушылардың топтық жұмыстары өзара бағаланады.
Сергіту сәті.
«Әли мен Айя» мультфильміндегі«Мен ғарышкер боламын!» әнінің сүйемелдеуімен қимыл-қозғалысты жаттығу орындалады.
Жаттығу орындалған соң мультфильмнен Атасының тұңғыш қазақ ғарышкері туралы әңгімелеп отырған үзіндісі көрсетіледі.
3-тапсырма
(Ұ, Ө, Ж) «Қалың және жұқа сұрақтар» әдісін қолдана отырып «Тұңғыш қазақ ғарышкері» әңгімесінің мазмұны бойынша қолдануға, бағалауға негізделген сұрақтар қойып және жауап беру ұсынылады. Мәтін мазмұнына байланысты біржақты қысқа жауапты талап ететін «Жұқа сұрақ» және толық жауапты талап ететін «Қалың сұрақ» үлгілерін дайындалып тақтаға ілінеді. Оқушылар үлгіге қарай отырып, өздігінен екі сұрақтан құрастырып жазады.
«Жұқа сұрақ» «Қалың сұрақ»
˗ Тоқтар қазақ балаларына нендей тілек айтты? - Тоқтарды ерте бастан есейткен не деп ойлайсың?
Сұрақтарды құрастырып жазған соң парақтарын (дәптерлерін) қасындағы жұбымен алмасып, жауап беру тапсырылады.
Саралау. Қарқын тәсілі арқылы қарқыны жылдам кейбір оқушыларға тағы бірнеше сұрақтар құрастыруды ұсынуға болады.
(ҚБ) Дескрипторлар арқылы бағалау......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру Б Төлеубайұлы «Тұңғыш қазақ ғарышкері» 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру Б Төлеубайұлы «Тұңғыш қазақ ғарышкері»