Асқақтаған кірпіштер Аударған М Қуанышбеков (3 сынып, II тоқсан)

 Асқақтаған кірпіштер Аударған М Қуанышбеков (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Тарау: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Асқақтаған кірпіштер Аударған М Қуанышбеков
Оқу мақсаттары: 3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру;
3.3.2.1* шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...), өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады;
Көптеген оқушылар: мәтін бойынша ашық сұрақтар қояды, кейіпкерге өзіндік көзқарасын білдіріп хат жазады;
Кейбір оқушылар: өз ойын көркем бейнелі сөздерді қолданып айтады, сөздерді,сөйлемдерді сауатты жазады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы.
Оқушыларды мамандық иелерімен 5 топқа біріктіреміз.
1-топ: «Қалаушы»
2-топ: «Жүргізуші»
3-топ: «Ақтаушы»
4-топ: «Сылақшы»
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(МК,Ж,ОТ) «INSERT немесе түртіп алу» әдісімен «Қалаушы» туралы не білетінін кестеге толтыра отырып, сабақ тақырыбына болжам жасайды.
Білемін Жаңа мәлімет Білмеймін Сұрақ туды
Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Жұпта, топта бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.
(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау
2-тапсырма
(МК,Ж,ОТ) «Бірлесіп оқу» әдісі бойынша мәтінді түсініп оқиды.
«Дәйексөз» тәсілі арқылы
1.Өз сөзімен толық мазмұндайды.
2.Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
3.Кейіпкер хат жазады.
Асқақтаған кірпіштер
Тас қалаушы кірпіштерді қалап жөніне кетті. Сол –ақ екен, кірпіштерге жан бітіп, өзді-өзі даурыға бастады.
-Түу, неткен биіктік! Тіпті ай да, жұлдыздар да қол созымда тұр,- деп, жоғарыдағы кірпіштер айғай салысты.
-Тынышталыңдар! Биікте тұрғандарың кімнің арқасы, - деп төмендегі Ата кірпіш ақыл айтып көріп еді, ешқайсысы құлақ аспады. Даурығып, жоғарыдағылар төмендегілерге ұйқы бермеді.
-Бұлары несі? Біз болсақ иініміз талып, оларды көтеріп тұрмыз,- деді төмендегі кірпіштер жыламсырап.
Ата кірпішке шағым айтты:- Ата, қалай да бізді бұл қорлықтан құтқарыңыз.
Ата кірпіш сәл ойланып алды да, шешімін кесіп айтты:
-Күш біріктіру керек, - деді.
Күш бірікті. Ата кірпіш бастаған астыңғы кірпіштер тұрған орындарынан ысырылып кетіп еді, жоғарғылардағы жерге дүрс-дүрс құлап түсті.
Ертеңсіне тас қалаушысы келіп, басын шайқады. Өйткені биіктен құлаған жоғарыдағы кірпіштер қақ бөлініп, жерде шашылып жатыр еді.
Аударған М.Қуанышбеков
(ҚБ) Дескриптор
 мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қойды;
 мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді;
 кейіпкерге өзіндік көзқарасын білдіріп хат жазды;
 хаттағы сөйлемдердің байланысын сақтады;
 сөздерді/сөйлемдерді сауатты жазды.
3- тапсырма
(Ұ, МК) «Асқақтаған кірпіштер» мәтініндегі оқиғаларға сүйеніп, «Суреттеуші» бөлімі бойынша сурет түрінде салады. (Ескерту: сурет салу қабілеті бұл жерде маңызды емес.)
Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) смайлик арқылы бағалау.
4-тапсырма
(МК, ЖЖ) «Ашық микрофон» әдісі арқылы мәтін мазмұны бойынша диалог құрастырады.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді. (Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру