Керемет күмбез (Қожа Ахмет Йассауи кітабынан ) (3 сынып, II тоқсан)

  Керемет күмбез (Қожа Ахмет Йассауи кітабынан ) (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Керемет күмбез (Қожа Ахмет Йассауи кітабынан )
Оқу мақсаттары : 3.2.9.1 Шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру;
3.3.2.1 Шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді.
Көптеген оқушылар: шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден ақпарат таба алады, мәтінді түсініп оқи алады.
Кейбір оқушылар: нақты ақпатты тауып, өз ойын айтады, сөздерді/сөйлемдерді сауатты жазады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
Оқушыларды кесенелер атауымен 4 топқа бірігеді.
4- топқа бірігеді.
1-топ: «Айша Бибі»
2-топ: «Домалақ Ана»
3-топ: «Арыстан баб»
4-топ: «Қожа Ахмет Йасауи»
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(МК, Ұ, ОТ) «Ойлан,тап» ойынын ойнай отырып сөзжұмбақты шешу, мақал-мәтелді аяқтау. Тақырыпқа болжам жасау. Шоқан туралы білетініндерін «Топтастыру» әдісі арқылы еске түсіру.
Үлгі: зерттеуші, ғалым,суретші, саяхатшы, тарихы, жазушы, этнограф.
Шоқан
Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз ойларын айтуға үйренеді.
(Б) «Смайлик» әдісі арқылы бағалау
2- тапсырма
(Ұ,МК) «Миға шабуыл» әдісі арқылы интербелсенді тақтадан (YouTube) «Қожа Ахмет Яссауи кесенесі» туралы бейнебаянды тамашалап, жетелеуші сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
Үлгі сұрақтар:
1. Бұл кесене таныс па?
2. Қалай аталды?
3. Қай өңірде орналасқан?
4. Сендерше неге бұл кісіге кесене орнатқан?
(Т; МК) «Бірлесіп оқу» әдісіне сүйеніп мәтінді толық түсіне отырып оқып шығады.
1. Мәтін мазмұнына сәйкес ақпарат іздейді.
2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
3. Шығарма кейіпкеріне хат жазады.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
-мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
-мәтіннің мазмұнына сәйкес ақпараттар жинақтайды.
-шығарманың кейіпкеріне хат жазады
-сұрақтардың негізінде ой бөліседі;
-хаттағы сөйлемдердің байланысын сақтайды;
-сөздерді/сөйлемдерді сауатты жазады.
3-тапсырма
(МК;ЖЖ) Оқушылар жұптаса отырып «Тұжырымдамалық картаға» сүйеніп оқылған шығармадан алынған ақпаратты сызбаға түсіреді.
Үлгі жауаптар:
Туған жері
Түркістан
Оқыған жері
Иран
Йасауи аталу себебі,
Йасы жеріне қоныс тебуі
Күмбез туралы мәлімет Ақсақ Темір оның басына теңжесі жоқ биіктігі 37 м-ден асатын күмбез салдырады.
Кесене туралы сенің ойың Ұлы адамға құрмет белгісі ретінде күмбезді кесене салынады.
Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) «Шапалақ» әдісімен бағалау
4-тапсырма
(ОТ,МК,Т) Әр топ «Карусель» стратегиясы бойынша мұғалімнің бастамасымен шығарманың мазмұнына сәйкес «Қазақстанда тағы қандай сәулетті ғиматарттар бар?» сұрағына жауапты түрлі дереккөздермен іздеу арқылы жұмыс жасайды. «Кластер» әдісімен ортада топтар постер жасап қорғайды.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді. (Б) оқушылар бірін – бірі «Бағдаршам» арқылы бағалайды Топтар бір –бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру