Нағыз достық Марк Твен «Батылдық» (3 сынып, I тоқсан)

 Нағыз достық Марк Твен «Батылдық» (3 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Нағыз достық Марк Твен «Батылдық»
Оқу мақсаттары: 3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау
3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтай алады, кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып баға береді
Көпшілік оқушылар:кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін талдау жасай алады, сөйлеу барысында суреттерді қолданады
Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептеріне баға беріп,өзінің бойындағы қасиеттерді байланыстырады.
Сабақтың басы
Топқа бөлу: Төрт түрлі маркерлер арқылы топтарға бөлінеді
Ширату тапсырмасы: «Бұл кім?»
1. Аудиоүнтаспа арқылы сыныптағы бір оқушыны сипаттайды:оның бет әлпетін, сыртқы пішінін, киімін, сөйлеу мәнерін, әдеттерін, мінез-құлқын келтіреді. Әрине, ол оқушының есімін атауға болмайды және де сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы керек, мұнда оқушыны мақтаған дұрыс.
Бір-екі сипаттан кейін оқушылардан: «Бұл кім? Сіздер таптыңыздар ма?» деп сұрап, олардың жауаптарын тыңдаймын. Оқушылар таппаса, сипаттауды әрі қарай жалғастыра береді.
Мысалы, «Бұл оқушының күлкісі өте әдемі. Ол ақ жейде киген...Ол кім?... Бұл оқушыны жолдастары сыйлайды. Оның қолында қаламсап бар... Ол кім?...».
2.Бұл ой сергек оқушылардың бір-біріне деген ынта-ықыластарын арттыруға бағытталған: оқушылар өздері және өзге жолдастары туралы әңгімелерді өте ұнатады. Біз не істедік? Аудио үнтаспаны тыңдағанда оқушының несі айтылды?
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
Білу
Нағыз дос сен қателік жіберген кезде жаныңнан табылады. Ал сен дұрыс жүрсең,бәрі сенімен бірге
Марк Твен
Қанатты сөздер мақал-мәтелдерге ұқсас. Ол терең ойға құрылған көлемі шағын нақыл сөздерге жатады. Көбінесе қанатты сөздердің авторы болады. Кестені толтыру.
Жанры Ұқсастығы Айырмашылығы
Мақал- мәтелдер
Қанатты сөздер
Бата
1-тапсырма
Марк Твен «Батылдық» мәтінін «Бағытталған оқу» әдісі арқылы оқу. Мәтінннің бір бөлігін оқығанна кейін оқиға қалай жалғасады деп оқушылардан сұраңыз. Оқушылар өз ойын білдіргеннен кейін келесі бөлігін оқып, жасаған болжамдарымен салыстыру. Осылайша мәтінді тұтас оқиды. Мәтін бойынша сұрақтар қойылады. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.
-Сабақ кезінде сыныптағы оқушылар неге тып- тыныш отыр деп ойлайсыңдар?
-Том неге Доббис мырзаның әр қимылын бақылап отырды?
-Мұғалім неліктен ашуланды? Себебін мысалмен дәлелде.
-Том Беккиді неге құтқарғысы келді?
-Том неліктен мойындады?
-Сенің ойынша Томның жасаған әрекеті дұрыс па?
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады,бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Көмек қажет ететін оқушыларға қосымша уақыт беріледі.
ҚБ «Бір- бірін бағалау»
Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды
2-тапсырма
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
Кейіпкердің іс-әрекеті неге өзгергенін мәтінге сүйеніп түсіндір.
Беккидің іс-әрекетіне деген Томның бастапқы ойы қандай еді? Ол неліктен пікірін өзгертті деп ойлайсың? Томның іс-әрекетіне баға бер.
Саралау:Кейіпкердің іс-әрекеті неге өзгергенін мәтінен тауып, түртіп алады және өзгерген себептерін талқылап ортада түсіндіреді
ҚБ «Табыс ағашы» әдісі
Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедіңдер», сары – «қиын-дықтар болды», қызыл – «қателер көп болды».
3-тапсырма
(Ө;ЖЖ) Суреттерді қолданып, мәтіндегі оқиғаны әңгімелеп айт.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жасалады. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушыларға жетекші сұрақтар қойылады.
ҚБ оқушылардың бірін – бірі бағалауы.
4-тапсырма
(Ө;Т) Мәтін әрі қарай қалай жалғасды деп ойлайсың? Доббис мырза не істеуі мүмкін? Том не істейді? Оқушылар өздерінің ойларын ортаға салады. Оқиға қосып мәтінді жалғастырып жазады.
Саралау: тапсырма арқылы саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады.
ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 5
  1. нурай
    нурай 21.10.2020 19:11
    0 + 0 -
    2+5=2+5
    ?-2=5
    ?=2+5
    ?=7
    7-2=5
    2+5=7
    7=7
  2. нурай
    нурай 21.10.2020 15:57
    0 + 0 -
    5*5=25
  3. нурай
    нурай 21.10.2020 15:53
    0 + 0 -
    5*3=5*3
    ?:3=5
    ?=5*3
    ?=15
    15:3=5
    5*3=15
    15=15
  4. нурай
    нурай 21.10.2020 15:50
    0 + 0 -
    2+5=2+5
    ?-2=5
    ?=2+5
    ?=7
    7-2=5
    2+5=7
    7=7
  5. нурай
    нурай 21.10.2020 15:46
    0 + 1 -
    30-29=30-29
    29+?=30
    ?=30-29
    ?=1
    29+1=30
    30-29=1
    1=1