Шығарманың жоспарын құру «Бұлақ пен құрақ» Б. С. Қошым-Ноғай (3 сынып, IV тоқсан)

 Шығарманың жоспарын құру «Бұлақ пен құрақ» Б. С. Қошым-Ноғай (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Шығарманың жоспарын құру «Бұлақ пен құрақ» Б С Қошым-Ноғай
Оқу мақсаттары: 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
3.2.6.1 кейіпкердің портртін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқып, логикалық бөліктерге бөлу, жоспар құру және кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлел келтіріп баға беру
Көптеген оқушылар: бөліктерге бөліп, жоспар құруда өз тұжырымдарын ұсына алады.
Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, бөліктерге бөледі, бөлімдерге ерекше ат қояды.
Сабақтың басы
Ширату жаттығу. (ЖЖ). Бұл кім?» ойыны. Оқушылар өз еріктерімен жұптасып, сыныптың ортасына шығады. Мұғалім өз жұбына мінездеме бер деген тапсырма береді. Оның қандай іс-әрекетіне қарап, мінездеме бергенін айтады. Барлық оқушы уақыт басталды деген нұсқау берілгенде бастайды. Оқушылардан қандай тапсырма орындағандары сұралады, қандай іс-әрекет жасағандарын айтады.
Сабақ мақсаты: шығарманы түсініп оқып, логикалық бөліктерге бөлу, жоспар құру және кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін ертегіден дәлел келтіріп баға беру. . Бағалау критерийімен таныстыру.
Сабақтың ортасы
1- тапсырма
(Ө)«Белгіле» әдісі. «Бұлақ пен құрақ» Б.С.Қошым-Ноғай
1. Жоспар құру үшін мәтінді бөліктерге бөліп, түсініп оқу тапсырылды.
2. Оқи отырып бөлген бөліктерге белгі қою үшін стикерлер жабыстырады. Оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі.
Саралау: қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.
Қ/Б: Өзіндік бағалау. Бағдаршам түстері арқылы оқушылар өздерін бағалайды.
2-тапсырма
(Т)1.Мұғалім әр топқа мәтін бөліктері бойынша, жоспар құруды ұсынады.
2.Оқушыларға жоспар құрып өз ойларын жинақтауға уақыт беріледі. Ойлануға 30 cекунд уақыт беріледі.
3.Топ ішінде оқушылар мәтін бөліктерін ретімен орналастыру арқылы жоспар құрайды.
4.Топтардың жоспарын сыныппен талқылап, мұғалімнің көмегімен дұрыс жоспар құрылады.
Жоспар:
1. Бұлақ пен Құрақтың іс-әрекеті
2. Тау атаның жасағаны
3. Құрақтың бұлаққа жалынуы
4. Өз қателерін түсінуі
Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, не түсінгендеріне көз жеткізу.
Қ/Б: «Пантомима». Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды.
3-тапсырма
(Т) «Төрт сөйлем» әдісі
Бұлақ пен құрақтың іс-әрекеті мен мінез-құлқының қандай екенін ертегіден тауып, дәлелде.
1. Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеті мен мінез-құлқын ертегіден оқығандары бойынша өз топтарында талқылайды.
2. Алдын-ала дайындалған қағазға (бұлақ пен құрақтың суреті бар ) төрт пікір жазады:
Пікір: Іс-әрекеті мен мінез-құлқы қандай? Сенің пікірің (бір сөйлем).
Дәлел: Ертегіден дәлел келтіріп жаз (бір сөйлем).
Мысал: Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтір (бір сөйлем).
Қорытынды. Оларға қандай баға бердіңдер? Қандай қорытынды шығардыңдар (бір сөйлем).
3. Топтар өз жұмыстарын барлық топқа түсіндіреді.
Қ/Б: «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.
Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.
4-тапсырма
(Т) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі. Бұлақ пен құрақтың іс-әрекеті мен мінез-құлқы неге өзгерді, себептерін ертегіден тауып, баға бер. Сол бөлікке ат қой.
1. Оқушылар ертегіден кейіпкерлердің іс-әрекеті мен мінез-құлқы өзгерген тұстарын табады.
2. Сол бөлікке ат қояды.
3. Не себебті олай атағанын түсіндіреді.
Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың тапсырма орындауына көмек беріледі, ал қабілетті оқушылар өтілген тақырып бойынша өз тұжырым жасауға ынталандырылады.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру