Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 5-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

 Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 5-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 5-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж 1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
Сабақ мақсаты: Шығарманың жанрлық ерекшелігі мен сюжеттік желісін анықтау.
Сабақ барысы:
Оқушылардың қызығушылығын ояту
Оқу мақсатымен таныстыру. Сабақтың тақырыбымен байланыстыру
1-тапсырма «Сюжеттік кесте»
Топта оқушылар шығарма бөліктерін талқылайды, алғашқы нұсқа ретінде оқиды.
Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелерінің әрқайсысы тапсырмаларды бөліп алады:
1. Сюжеттің басталуы
2. Сюжеттің байланысы
3. Сюжеттің дамуы
4. Сюжеттің шиеленісуі
5. Сюжеттің шарықтау шегі
6. Сюжеттің шешімі
Сюжеттік-композициялық талдауда сюжет реттілігі бойынша «сюжеттік кестені» қолдана отырып ойларын жеткізеді.
Кім? Не? Қашан? Қайда? Неге?
2-тапсырма «Тақырыптық теннис» әдісі
Оқушылар төрт адамнан тұратын топқа бөлінеді. Үш ойыншы, бір судья. Ойыншылар әңгімені сюжеттік желісі бойынша мазмұндап айтуы керек. Топтың төртінші ойыншысы есеп жүргізіп отырады. Төртінші ойыншы әңгімені мазмұндаушы ойыншылардың біріншісін тоқтатқан кезде, келесі ойыншы оның ойын жалғастыруы керек. Ойын мазмұндаушының бірі тоқтағанға дейін жалғаса береді.
3-тапсырма «Серпілген сауал» әдісі
Оқушылар «Мәңгілік бала бейне» әнін тыңдайды. Ән мәтіні мен шығарма нұсқасы оқушылардың алдына таратылады. Оқушылар естігендері мен оқығандары бойынша пікір алмасады.
Пікір алмасу сұрақтары:
• Ән туралы ойыңыз қандай?
• Естігеніңіз бен оқығаныңызды қалай байланыстырар едіңіз?
4-тапсырма «Галереяға саяхат»
Оқушылар мәтіннің мазмұны мен ән мәтіні бойынша тұжырымдамалық карта сызады, соның ішінде сюжеті, құрылымы, кейіпкерлері, оқиғалары, тақырыптары, әдеби құралдары бар. Олар оны қабырғаға жабыстырады (галерея) және әр оқушы басқа топтардың жауаптарына әртүрлі түспен қосымшалар енгізуі мүмкін. Оқушылар, сонымен қатар, ең маңызды ақпарат қайсысы және айтарлықтай маңызы болмаған ақпарат туралы жазуы қажет. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру