Р Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі 1-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )

 Р Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі 1-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым
Сабақтың тақырыбы: Р.Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі 1-сабақ
Сабақ мақсаты: Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту кезеңі
Сынып бөлмесіне Расул Ғамзатовқа арналған бұрыш ұйымдастырылып, өмірінен хабар беретін фотосуреттері ілініп қойылады. Оқушылар ақынмен сырласа алатындай мүмкіндік туындауы керек. Бұрыштағы ақын суреттерінің алдында ана тілі туралы қазақ ақын-жазушыларының өлеңін оқитындай, поэзия сағатын өткізуге болады.
Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
Әңгімені оқы. Әңгімеден алған әсеріңді жұпта талқыла. Шығарманың композицияның құрылымы бойынша кестені толтыр.
1. Басталуы
2. Дамуы
3. Байланыс, шегініс
4. Шарықтау шегі
5. Шешімі Дағыстың суретшімен кездесу.
Ана өкпесі, реніш
Суретшенің салған суретін көрсету.
Автордың суретшінің туған туысқандармен, анасымен кездесуі.
Суретшінің көне аңыз желісі бойынша салынған суреті
2- тапсырма
Топ ішінде рөльдерді анықта. Әңгіме бойынша жұмыс істе.
• Баяндап беруші: топ мүшелері өздерінің жеке көзқарастарына немесе ойларына сүйене отырып, оқиғаның мазмұнын дайындайды.
• Зерттеуші: мәтінге байланысты ең маңызды оқиғаны немесе ең басты кейіпкердің мінез-құлқын, жан-жақтама сипаттау және меңгеру.
• Сұрақтар құрастырушы: негізгі оқиғаларды қамтитын немесе әңгіменің жалпы мазмұны бойынша сұрақтар дайындау.
• Сілтемелер табушы: әңгіменің руханилығын ашатын немесе құптайтын сілтемелерді табу. (әңгіме ішінде кездескен белгілі бір афоризмдер немесе мақал- мәтелдерді табу)
• Бейнелеуші-суретші: әңгімедегі негізгі деген кейіпкерлерді немесе оқиғаларды ауызша суреттеу.
• Дәнекер: мәтінде кездескен негізгі идеяларды және оқиғаларды бүгінгі күнмен ұштастыру
Оқушылар алты адамнан тұратын топта әркім белгіленген тапсырма бойынша жұмыс істеуге уақыт беріледі. Әр топ сынып алдында тапсырмаларын жеке-жеке қорғайды. Немесе ұғалім ортаға әр топтың тек баяндап берушілерін, зерттеушілерін жеке-жеке шақыру арқылы қорғатуға болады.
Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады.
Мұғалім қолдауын қажет ететін оқушылар үшін “Екі жақты күнделік ” стратегиясы бойынша мәтіндегі өздеріне ұнаған үзіндіге пікір жазғызуға болады....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру