Гендік өзгеріске ұшыраған ағза (7 сынып, III тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар
Сабақтың тақырыбы: Гендік өзгеріске ұшыраған ағза
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) 7.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу
7.ӘТН4. Грамматикалық норма
Сабақтың мақсаты:
7.ӘТН4. Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін сөйлесім барысында қолдану.
7.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу.
Сабақ барысы: Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, дәптерлеріне бүгінгі күнді жазғызу.
Қызығушылықты ояту.
«Сымсыз телефон» ойыны
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Ойын басқарушы бірінші тұрған адамға құлағына сыбырлап, бір сөз айтады, ол келесі көршісіне сыбырлап естіген сөзін жеткізеді, осылайша соңғы адамға дейін жалғасады. Ал енді ойын басқарушы соңғы адамнан бастап сұрайды. Мүмкін соны қате естіп, өзгерткен адам айып өтейді. Айып әр түрлі: ән салу, би билеу, өлең оқу, т.б.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады.
Күтілетін нәтижелер белгіленеді.
Мағынаны тану.
Оқылымалды тапсырмасы.
«Дұрыс тамақтану дегеніміз не?» Әр топ оқушылары «Карусель» әдісімен бір-бір сөйлемнен жазып шығады. Ой бөлісіді.
Оқылым мәтіні.
Мейрамхана - қызмет көрсету деңгейі бойынша люкс,симпозиум қатысушыларына, банк және офис қызметкерлеріне арналады. Егер де бизнес-ланч үш тағамнан құралса, түтынушылар төрт курстан тұратын жинақты тандайды: бірінші курс — салқын және ыстық басытқылардың бірнеше варианттары; екінші курс — көжелер; үшінші курс — негізгі ыстық тағамдар және төртінші — десерт. Бизнес-ланч мәзірі әр апта сайын өзгертілуі керек. Жексенбілік бранч мәзірі — мейрамханаларда 12—16 сағат аралығында отбасылық ас беру кезінде қолданылады. Бранч мәзіріне швед үстелі қосылады. Жеке-жеке шай үстелін, жеміс-жидекті және десерт үстелдерін ұйымдастырған жөн. Мәзірге міндетті түрде шарап немесе шампан бокалы кіргізіледі.
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
1- тапсырма. Топтық жұмыс
«Салауатты тамақтану – ұлт денсаулығының негізі» тақырыбында блогқа өз ойын қысқаша мазмұндап жазады. Блогқа жазу арқылы басқалардың пікірімен ой бөліседі. Оқушылар өз блогтарында төмендегілерді қамтулары қажет:
1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (белок, май, көмірсу);
2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлементтер);
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы керек;
2- тапсырма. Жеке жұмыс
«Мектептің асхана мәзіріне көңіліңіз тола ма?» - деген тақырыпта әр оқушылар бір-бірінен сұхбат алады. Етістіктің етіс түрлері мен салт - сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін сөйлеу барысында қолданады.
3- тапсырма. Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау.
Оқушылар мейрамханада ұсынылатын ас мәзірі туралы оқылған мәтін негізінде сөйлемдердің ішінен негізгі ойды анықтайтын сөздерді тауып, «Ас мәзірін» (жинақы мәтін) етіп жазып шығады.
Қосымша ақпарат
Етістіктер мағынасына қарай сабақты етістік және салт етістік болып екіге бөлінеді.
Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. Сабақты етістіктер кімді? нені? (кейде табыс септіктің жасырын түрі — не?) деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады. Мысалы: Сөзді сен баста. Бұл сөйлемдегі баста деген етістік сөз деген сөздің табыс септікте тұруын талап етіп тұр.
Мағынасы жағынан тура объектіні — табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады. Салт етістіктер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе беруі мүмкін, бірақ табыс септіктегі сөзбен байланыспайды. Мысалы: қаладан қайт немесе түсінде келді, т. б. болып қолданылса да, нені (ауылды, т. б.) қайт, нені түсінде, т. б.) келді деп айтуға болмайды. Сондықтан да бұлар — салт етістіктер.
Cұхбат әдісі - әлеуметтік психологияны зеттеу әдістерінің бірі. Мұнда зерттеуші (сұхбаттасушы) сыналушымен (респондент) әңгімелеседі, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, ілтипатына зер салып отырады. Әңгіме белгілі сұрақтың айналасында, зерттеуші көздеген мақсатқа орай, арнаулы жоспар бойынша жүргізіледі. Зерттеуші сыналушының ниетін қас-қабағынан біле алатындай әдісқой тәсілшіл, білгір кісі болуы қажет. Сөйлеу әдісінде анкета арқылы анықталуы қиын, ұсақ-түйек детальдармен мәселенің түп-төркінін аша түсуге мүмкіндік туады. Осы әдіс арқылы жиналған материалдың объективтілігіне ерекше мән бермейінше болмайды, өйткені зерттеушінің әнгімесіне ықыластанған адам кейде жаңсақ, екі ұшты мәліметтер беріп қоюы да ықтимал. Зерттеудің нақтылы талап-тілегіне орай сұхбат бірнеше түрге бөлінеді. Ол жеке адамдармен (жеке сұхбат), сондай-ақ арнайы ұйымастырылған топтармен де (отбасы әулеті, дос-жарандар тобы т.б ) жүргізіледі. Сұхбаттың стандарттық (алдын ала жасалған нақты бағдарлама бойынша), үлкен тақырыптық төңірегінде құрылған түрлері де бар.
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор
Оқушы
Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін сөйлесім барысында қолдану.
Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу 1 ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Гендік өзгеріске ұшыраған ағза 7 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Гендік өзгеріске ұшыраған ағза