Бату хан (6 сынып, II тоқсан )
Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тарихи тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Бату хан
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.5.1. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу.
Сабақтың мақсаты: Көлемді ақпараттарды оқи отырып, ойын ықшамдап жинақы мәтін жазуға үйрену.
Сабақ барысы: Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында алдымен мұғалім мынадай сұрақтар қоя отырып, тапсырманы орындауға шақырады:
1-тапсырма
Бату кім?
Ол туралы не білеміз?
2-тапсырма
«Жинақы мәтін»дегеніміз не? Суретке қарап болжам жаса.
Жинақы мәтін қалай жазылуы керек?
Оқушыларды жинақы мәтіннің жазылуы туралы ақпараттары аз болса, мұғалім қосымша толықтыра кету керек.
Жинақы мәтін – бастапқы мәтіндегі негізгі идеялар мен ақпараттарды сақтай отырып, мәтін көлемін ықшамдау және өңдеу.
Жинақы мәтін түпнұсқа мәтіннен 75 % дейін қысқа болады.
Өз ойыңды жинақы мәтінге қосуға болмайды. Жинақы мәтін тек автор идеясынан ғана тұрады.
1.Мұғалім оқушыларды мәтінді зейін қоя отырып оқуға және мәтінді жинақы мәтінге айналдырып жазуға шақырады.
Түпнұсқа мәтін Жинақы мәтін
Бату хан жаулап алған жерлерінде әділдік қана орнатып қоймаған, ол жаңа қалалар мен елді мекендердің іргесін қалап, тұрғызған. Алтын Орданың астанасы болып Бату Сарай атанған үлкен қаланың қазығын өзі қаққан. Тарихи әдебиеттерде бұл қала Ескі Сарай деп те аталады. Өкініштісі, біздің заманымызға бұлардың қираған орны ғана жеткен. Дегенмен археологтардың қазба жұмыстары барысында оның орта ғасырдағы ең ірі қалалардың бірі екендігі дәлелденді.
Алтын Орданың астанасы Еділ мен Жайықтың ортасында болған. Бұл аймақтың мемлекет орталығы болатындай көптеген артықшылықтары бар-тын. Олай дейтін себебі – егінге қолайлы бай аудандар мен ірі кенттердің болғаны көп ықпал еткен. Мұнымен қатар, Еділ мен Жайықтың төменгі сағалары мал шаруашылығының дамуына да жайлы(103 сөз).
«Алтын Орда хандары»
Қосымша көмекті қажет ететін оқушылар үшін мұғалім өз нұсқасын дайындап қоюына болады.
Мысалы, Бату Сарай аталған қала - орта ғасырдағы ең ірі қалалардың бірі. Оның астанасы Еділ мен Жайықтың ортасында орналасқан. Мемлекет орталығы болатын қала шаруашылыққа өте ыңғайлы болды (25 сөз).
2. Жазған мәтіндерін мұғалім алдымен топта оқып бөлісуге шақырады. Оқушылар топта бір-бірінің жазылымдарымен танысып, бір-бірінің жұмыстарының соңына «бір ұсыныс, бір тілек» жазу арқылы өзара бағалайды. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын аралап бақылап, қажет деп тапса, қосымша уақыт беру арқылы жұмыстарына түзету енгізіп, ақырғы нұсқасын жазуларына мүмкіндік береді.
Оқушылар топта өзара ақылдаса келе орталарынан бір оқушының жұмысын сынып алдында бөлісуге ұсынады. Үздік жұмыстың иелері «автор орындығына» отырып оқиды.
ДЕСКРИПТОРЛАР
оқылым мәтінінен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді белгілейді;
қосымша ақпаратты білдіретін сөйлемдерді сызып тастайды;
жинақы мәтін талаптарын есіне түсіреді;
жинақы мәтін жазады.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Бату хан 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Бату хан