Су тасқыны (6 сынып, III тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология.
Сабақтың тақырыбы: Су тасқыны
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.1.1. – мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру.
Сабақтың мақсаттары: Мәтіндегі ақпаратты ажыра алуға үйренеді. Негізгі, қосымша, детальді ақпаратты анықтауға дағдыланады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту
Журналистік сұрақтар
Суреттерге қарап, бір-біріңізден журналист ретінде сұқбат алып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Мысалы:
Бұл суретте не бейнеленген?
Су тасқыны дегенді қалай түсінесіздер?
Су тасқынына қалай дайындалу керек деп ойлайсыздар?
Су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек?
Егер адам суға батса қандай көмек беру керек?
Еліміздегі су тасқыны туралы ақпараттармен таныссыз ба?
Су тасқыны жыл он екі айдың қай мезгілінде жиі болады?
Сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылып, бағалау критерийлері талқыланады.
Оқылым мәтіні:
Қызылағаш ауылындағы орын алған жағдайды жазу тұрмақ, айтуға ауыз бармайды. Айдың күннің аманында бір елді мекенді су шайып, дүние-мүлік, мал-жанмен бірге тұрғындар жақын-туысы мен баласынан, әйелінен айрылып, ет-жүрегі езілуде. Бақытсыздық әкелген ауылдың шығысындағы биікке орналасқан “Шынар” ЖШС меншігіндегі 42 млн. текше метр су сақтайтын қой¬ма¬ның арнасынан асып, алапат тас¬қыннан бетон плиталар мен диа¬метрі 1,5 метр, ұзындығы 10 ме¬трлік тас құбырлар жолындағы тұр¬ғын үй, ағаш, тіпті автомәшинеге дейін ағызып, жермен жексен еткен. Осы кезге дейін ресми деректер бой¬ынша селден көз жұмған 37 адам¬ның мәйіті табылды. Бұл өңірдегі халықты дүрлік¬тірген алғашқы тасқын емес. Бұған дейін Күрті су қоймасындағы сел қаупінің алдын алу мәселесі тия¬нақ¬ты әрі дер кезінде көте¬ріл¬гендіктен 6000 халық қауіпсіз аймақтарға көшіріліп, бірнеше күн¬ге созылған құтқару жұмыстары жүргізілген бола¬тын.
Егер олар өз міндеттеріне сергек қарап, тоспа, бөгеттердегі су деңгейін бақылауға алса, дер кезінде сыннан қорытынды шығарса, Қызылағашта қайғылы оқиға орын алмас еді деген ой еріксіз мазалайды. Дерекке сүйенсек, аталған елді мекендегі 465 отбасында шамамен 2240 тұрғын мекендеген. Тасқын¬нан халық мезгілсіз ажал құшса, там-тұмдап жылдар бойы жинаған мал-мүлкі суға кеткендер жүздеп са¬на¬лады. Халық қауіпсіз аймақтарға көшіріліп, оларға да жағдай жасалуда.Бірақ көңілімізге қаяу түсірер бір жағдай, су тасқыны кезінде қаза тапқан құрбандарындарымыз ешқашан ортамызға қайта оралмайды...
1-тапсырма.
а) Мәтіндегі негізгі ақпаратты қызыл қарындашпен бояңдар.
ә) Мәтіндегі қосымша ақпаратты жасыл қарындашпен бояңдар.
б) Мәтіндегі детальді ақпаратты көк қарындашпен бояңдар.
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
2-тапсырма.
Зерттеу жүргізген жанр түрлері бойынша тапсырмаларды орындаңыз.
1-топ. Су, судың пайда болуы, жер бетіндегі су көлемі мен су туралы деректер жинастыру.
2-топ. «Қазақстан ұлттық арнасының» қызметкері ретінде Қызылағашта болған қайғылы апат жайында материал дайындаңыз.
3-топ. Қызылағаш апатының шынайы көрінісін, апаттан зардап шеккен адамдарды суреттейтін ақпарат жазыңыз.
4-топ. Қызылағаш апатына байланысты Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Қызылағаш ауылдық округ әкімдігі арасында жүзеге асыруға бағытталған ұсыныстар мен құжаттар дайындаңыз.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Су тасқыны 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Су тасқыны