Тәрбие – тал бесіктен (6 сынып, I тоқсан )

 Тәрбие – тал бесіктен  (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлттық және отбасылық құндылықтар
Сабақтың тақырыбы: Тәрбие – тал бесіктен
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру
Сабақтың мақсаттары: Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды табу;
Мәтінде көтерілген мәселені анықтау;
Сұрақтар құрастыру білу.
Сабақ барысы: Оқушылар «Бесік жырын» тыңдайды. Сабақтың тақырыбын болжайды.
- Бұл ән кімге арналған?
- Ән не туралы?
- Әннің атауы қандай?
- Әннің маңызы қандай?
Оқушыларға суреттер таратылады. Бірдей суреті бар оқушылар бір топқа бірігеді.
ТЖ. Оқылымалды тапсырма.
Оқушылар мәтінмен танысады. Мәтін тақырыбына қатысты негізгі, қосымша ақпаратты табады, мәтінде көтерілген мәселені анықтайды. Сұрақтар құрастырады.
Тапсырма:
Мәтінді мұқият оқыңдар. Мәтін тақырыбына қатысты негізгі, қосымша ақпаратты, мәтінде көтерілген мәселені анықтаңдар. Сұрақтар құрастырыңдар.
Дескриптор:
1. Мәтіндегі қосымша ақпаратқа қатысты қарапайым сұрақ құрастырады.
2. Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты нақтылаушы сұрақ құрастырады.
3. Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты нақтылаушы сұрақ құрастырады.
Оқушыларға қарапайым, нақтылаушы сұрақтар туралы ақпарат беріледі. Берілген ақпаратты қолдана отырып, оқылым тапсырмасын орындайды.
«Сұрақтар қоржыны» әдісі.
Топ оқушылары өз сұрақтарын қағазға жазып, қоржынға салады.
Қоржыннан әрбір топ кезек-кезек сұрақтарды алып, сұрақтың қандай ақпаратты анықтауға қатысты қойылғанын анықтайды және жауап береді.
Тапсырма:
Сұрақтың қай ақпаратқа қатысты қойылғанын анықтаңдар. Жауап беріңдер.
Дескриптор:
1. Сұрақтың қай ақпаратқа қатысты қойылғанын анықтай алады.
2. Сұраққа дұрыс жауап береді.
ТЖ. Оқылымнан кейінгі тапсырма.
Оқушылар мәтінде берілген М.Әуезовтің сөзін топта талқылайды.
Өз пікірлерін білдіреді.
Тапсырма:
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?
Осы пікірге қатысты ойларыңды білдіріңдер.
Дескриптор:
1. Нақыл сөздің мағынасын түсіндіреді.
2. Сөзге қатысты өз позицияларын көрсетеді.
3. Өз пікірлеріне дәлел келтіреді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру