Астананың құрметті азаматтары (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )
Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: Астананың құрметті азаматтары (2-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме, құттықтау құрастырып жазу
Сабақтың мақсаттары: Берілген мәтіндер негізінде тақырыпқа сай мінездеме құрастырып жазу.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту
Тапсырма сыныппен орындалады.
«Биопоэма» әдісі
Мұғалім сөзі: Оқушылар, бәріміз бірлесе отырып, құрметті азамат болудың табиғатын анықтайық, яғни сипаттама берейік. Сендер айтып тұрыңдар, мен немесе бір оқушы тақтаға жазып тұрамыз.
Үлгі:
Аты - «құрметті азамат».
Сипаты – еңбекқор, ...
Қызметі – үлес қосу, ..., ....
Болашақтан күтетіні – елдің көркеюі, ....
Мекен жайы – Қазақстан, ...
Тегі – Елдің дамуына үлес қосқан азамат.
Мұғалім оқушылардан бүгінгі сабақта меңгеретін оқу мақсаты мен жаңа орындаған жаттығумен байланыстырып, сабақты бастайды, сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады.
Бүгінгі сабақта «Астананың құрметті азаматы» атағын алған адамдардың өмірбаянымен танысып, олар туралы мінездеме жазу.
Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
Жазылым алды тапсырма
Тапсырма жұппен орындалады.
«Менталды карта»
Мұғалім оқушыларға мінездемені жазу ерекшеліктері бойынша ментальді карта толтыруды тапсырады.
Мінездеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
1) тақырыбы;
2) мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;
3) негізгі мәтін;
4) қорытынды;
5) мінездемені талап етуші үйымның аты;
6) мінездеме берілген күн, ай, жыл;
7) мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы;
8) қосымша (егер болса).
Мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады.
Жазылым тапсырмасы
Оқушылар тапсырманы жеке орындайды.
1-тапсырма. Мәліметтер жинау
Мұғалім сынып қабырғаларына «Астананың құрметті азаматтары» атағын алған адамдардың өмірбаяндарын іліп қояды.
Оқушылар сынып бөлмесін аралап жүріп өзіне қажетті ақпаратты жинақтайды.
Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы 27.05.1937 ж.
Қазақстан Республикасы Президент мәдениет орталығының директоры, академик. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 24 мамырдағы № 377/47-ІІІ шешімімен табысты мемлекеттік және қоғамдық қызметі, Қазақстанның елордасы Астана қаласының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы 06.07.1940 ж.
Қазақстан Республикасының Президенті.
Астана қаласы мәслихатының 1998 жылғы 10 желтоқсандағы шешімімен Астананың Қазақстан Республикасының елордасы ретінде құрылуына, қалыптасуына және болашақты дамуына қосқан орасан үлесі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Төлегенова Бибігүл Ахметқызы 16.12.1929 ж.
КСРО халық әртісі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ мемлекеттік консерваториясының профессоры, Социалистік Еңбек Ері.
Астана қаласы мәслихатының 1999 жылғы 19 қарашадағы № 9/2-ІІ шешімімен музыка мәдениетіне зор үлес қосқаны, жемісті оқу-педагогикалық қызметі үшін және Астана қаласының Қазақстан Республикасының елордасы ретінде қалыптасуына белсенді қатысқаны үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Шерхан Мұртаза 28.09.1932 ж.
Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлық лауреаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 4 қазандағы №191/35-II шешімімен Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуына, оның елордасы Астананың гүлденуіне қосқан үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
2-тапсырма. Мінездеме жазу
«Астананың құрметті азаматы» мәтініндегі бір тұлғаға мінездеме жазады. Жазба жұмысын А4 қағазына немесе дәптердің бір парағына орындайды. Мұғалім кейбір оқушылар үшін мінездеменің үлгісін ұсына алады. Бұл – оқушының жеке қабілетін ескере отырып жасалатын саралау.
Жазылымнан кейінгі тапсырма
Оқушылар сынып ішінде кең шеңбер құрып отырады. Жазған мінездеме жұмыстарын «Хан жарлығы» ретінде рәсімдейді (А4 параққа жазады, түтікше етіп орайды). Мұғалімнің немесе ерікті бір оқушының «Жарлық кетті!» деген бұйрығымен парақты оқушылар сағат тілімен жылжытып бір-біріне жібереді. «Жарлық келді!» дегенде тоқтатылып, әрқайсысы өз қолына түскен жарлық мінездемемен танысады. Осылай бірнеше рет қайталағанда, оқушылар бірнеше оқушының жазған мінездемелерімен танысады.
Дескриптор:
• Оқылым мәтініндегі ақпараттарды қолданады;
• Мінездеме жазудың кем дегенде 3 ерекшелігін сақтайды;
• Мінездеме құрастырып жазады (25-30 сөз).
Бағалау.
Мұғалім «Маған көбірек ұнағаны, сенің...», «Әсіресе саған орайы келгені...», «Мына көрініс таңқалдырды...» деген мадақтаулар арқылы әр оқушының жетістігіне жеке дара нақты бағалау жасайды....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Астананың құрметті азаматтары (2-нұсқа) 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Астананың құрметті азаматтары (2-нұсқа)