Астананың көрікті жерлері (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

 Астананың көрікті жерлері (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: Астананың көрікті жерлері (2-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Т/А6. Сөйлеу мәдениетін дамыту.
6.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу.
Сабақтың мақсаттары: Тақырыпқа байланысты ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысуға, ойын анық жеткізуге үйренеді.
Сабақ барысы: Қызығушылығын ояту
Оқушыларға Азамат Орынбасаровтың «Елорда» өлеңінен
«Жайнай бер, жаңа Астанам,
Ертегідей ғажап бас қалам.
Ынтымақтың тербеп бесігін,
Тәуелсіз ел көшін бастаған» деген үзіндісі тақтадан көрсетіледі. Бір оқушы шумақты дауыстап мәнерлеп оқиды. Оқушылар өзара талқылау арқылы осы өлең шумағының негізгі ойын анықтайды. Осылайша сабақтың тақырыбына келеді.
Мұғалім сабақ мақсатымен таныстырады.
Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
Мұғалім санау арқылы сыныпты әр топта 4 оқушы болатындай етіп топқа бөледі.
Тыңдалым алды тапсырма
Оқушылар бұл тапсырманы топпен орындайды. Әр топқа бір сөзден беріледі. Төменде берілген сөздерді қатыстырып, тақырыпқа байланысты сөз тіркестерін құрау (мұғалім сынып ерекшелігіне, т.б. себептерге байланысты сөздерді өзгертіп қолдана алады):
көрікті – (көрікті ғимарат,)
ғажайып – (ғажайып үй)
зәулім – (зәулім кешен)
әсем – (әсем қала)
қарқынды - (қарқынды өсу)
Тыңдалым тапсырмасы
Оқушылар «Астананың көрікті жерлері» атты слайдшоуды (мәтінін мұғалім немесе бір оқушы дауыстап оқиды) тамашалайды. Мәтіннен ғимараттардың аттарын жазып алады.
(Мәтіндегі ғимарат аттары: «Бәйтерек» монументі, «Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығы, Бейбітшілік және Келісім сарайы, «Думан» сауық орталығының океанариумы, астаналық цирк, «Мәңгілі ел» аркасы, Қазақстанның Ұлттық музейі, Әзірет Сұлтан мешіті, «Нұржол» бульвары, «Астана Опера» опера және балет театры).
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
«Автор орындығы»
Оқушылар Астана қаласының әкімі немесе бас архитекторымен кездескен жағдайда бас қаланың қазіргі құрылысы, көркеюі, дамуы аясында пікірлесуге дайындалады, сұрақтар әзірлейді.
Сынып ортасына орындық қойылады, оған бір оқушы отырады да Астана қаласының әкімі немесе бас архитекторы рөлінде сыныптастарының қойған сұрақтарына жауап береді. Оқушылар «қала әкіміне (бас архитекторға)» кезекпен өз сұрақтарын қойып, жауап алады.
Үлгі сұрақтар:
- Астанада балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамытатын қандай орталықтар салынды?
- Астанада құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Болашақта осы құрылыстар қоршаған ортаға әсер етпей ме?
- Сіз Астана қаласының 50 жылдан кейінгі көрінісін қалай елестетесіз?
Өзара бағалау
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдері бойынша топтық бағалау жасайды. Олар бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.
Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат.
Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.
Дескриптор:
- диалогке қатысады;
- ресми сөздер мен тіркестерді орынды қолданады;
- ойын анық жеткізеді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру