Теңеумен танысу (3 сынып, IV тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Теңеумен танысу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқубағдарламасынасілтемеу) 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/мәнерлеп/теріп оқу
3.3.2.1 хабарландыру, қызықты оқиғалар баяндалған күнделік жазу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар бір затты басқа затпен салыстыруды немесе оған ұқсас басқа затқа теңеуді үйренеді.
Сабақ барысы: (Ұ) Көңіл шеңбері
Оқушыларға «әр түрлі суреттер ұсынылады.
Осы суреттер арасынан өздерің қазіргі көңілдеріңе сай суретті таңдап, таңдауларыңды түсіндіріңдер. Барлығымыз өздеріміздің көңілдерімізді бір затқа немесе құбылысқа теңедік. Ал, мен өз көңілімді келесі жолдармен білдірткім келеді: Менің көңілім ашық күндей, жарқырайды сәуледей.
Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта не жайлы әңгімелесеміз?Бүгінгі сабақта өлең жолдарынан теңеу сөздерін тауып үйренеміз.
(МК) Теңеу – заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу. Оның жасалу жолдары: -дай, ¬-дей жұрнақтары арқылы, «секілді, сияқты» деген шылаулармен, «ұқсап, құсап» деген сөздер арқылы жасалады.
Сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті теңеулерді қой:
- «Көптің күші көлдей,
Көшіп жүрген елдей»
- Алтын,қар,күн,ай сөздерінен теңеу жасап сөйлемдер құра.
(МК) Күнделікті тілде қолданылатын теңеудің үлгісін келтіру, мысалы: оның жүрісі тасбақаның жүрісіндей. Оның ұйқысы сәбидің ұйқысындай. «Бірлесіп оқу» барысында ландшафтты, өзендерді немесе көлдерді сипаттайтын әсерлі теңеулері бар өлеңді оқу. Жаңа сөздерді оқу үшін тиісті сөздік жұмысын жүргізу. Жаңа сөздердің мағыналарын түсіну үшін сөздікті пайдалану.
Өлеңді дауыстап, мәнерлеп оқып, теңеулердің оқырманға қандай әсер бере алатынын көрсету.
.. Ағып түскен жұлдыздай өлең ағып барады, Көңіл шіркін қанатын қағып-қағып барады. Ұйқыдағы сұлудай ұйықтап жатқан әлемді, Дәптеріме көшіріп ала қоям мен енді. Құлпырарда дүние күнге шыққан құндыздай, Өлең ағып түседі ағып түскен жұлдыздай. («Түнгі аңыз»)
Толығырақ: http://massaget.kz/layfstayl/debiet/syn/24792/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Тапсырма:
(Ж) Өлеңді көшіріп,теңеулерді өз беттерінше табу.
(Ұ) Өлеңнен алған алғашқы әсерлерін талқылау. Оқушыларға не ұнады/ не ұнамады? Теңеу арқылы ақын нені бейнелегісі келді? Ол тиімді болды ма? Болса, қалайша? Өлең құрылымында қолданылған тәсіл туралы оқушылар не байқады? Олар қандай да бір бейнелерді көріп тұр ма? Өлең белгілі бір затты олардың есіне сала алды ма?
(Ж, Қ) Үлгімен берілген тіркестерді толықтыру арқылы немесе жай сөз орамдарын құру арқылы оқушыларды теңеулер жазуға жаттықтыру. Оқушыларды ең қызықты немесе әсерлі теңеуді ойдан шығаруға ынталандыру.
Оқушылардың образ жасауын және өз әсерлерін көркем (образды) тілмен жеткізе алуын бағалау.
(Ұ) Оқушылар жасаған теңеулерді салыстыру: Қайсысы оқушыларға ұнады және неге ұнады? Қайсысын олар сәтті шықты деп есептейді?
- Өзіңіз теңеу құрастырып, 2 сөйлем жазыңыз.
- Өзіңіз теңеу құрастырып, 3 сөйлем жазыңыз.
(Ұ,Ж)Ө. Тұрманжанов өлең жолдарымен жұмыс жүргізу.Қандай сөздердің мағынасы түсініксіз бодды? Жұпта талдап, сол сөздердің астын сызыңдар.Сөздіктен тауып,мағынасын ашыңдар.
Құлағы пүліштей,
Тұяғы күмістей,
Көзі жұлдыздай,
Жүні құндыздай.
Ақ емес, шұбар лақ,
Ойынға құмар лақ.
Шақырсаң келеді,
Би билеп береді.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Теңеумен танысу 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Теңеумен танысу