Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау (3 сынып, I тоқсан)

 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау (3 сынып, I тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы
Сабақ тақырыбы: 2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу) тауып, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтап және мәтінді түсініп оқу
Көптеген оқушылар: теңеу сөздерді табуда өз тұжырымдарын ұсына алады
Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, мәтіннің мазмұнын айта алады.
Сабақ барысы:
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы: «Менімен бірге қайтала» жаттығуы. Мақсаты: ақпаратты жеткізіп және қабылдаудың жетістігіне әсер ететін факторларды дамыту.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Көңілді музыка қойылып, оқушылар билейді. Билеу келесі тәртіп бойынша жүргізіледі: біріншіден әрқайсылары қандай да бір қимылдар жасайды, ал жүргізуші қолымен шапалақ соққанда оң жақтағы көршінің қимылын орындайды. Егер де қатысушылар мұқият орындаса, әрқайсыларының қимылы шеңберден айналып өтіп «авторға» қайтып келеді.
Сабақ мақсаты: шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу) тауып, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтап және мәтінді түсініп оқу
Сабақтың ортасы
Анықтайық (Т,Ұ). «Айналдыру» (Ротация) әдісі. «Теңеу» деген не? Анықта.
1. Сыныптағы оқушылар 5 топқа бірігеді, қабырғаға 5 флипчарт ілінеді.
3. Әр топ өз парағына тапсырма бойынша 3-4 минутта тақырыпты ашатын 2 (екі) сөйлем жазады.
4. Мұғалімнің белгі беруімен топтар жаңа параққа (флипчартқа) ауысады да өз топтарына қайта келгенше осы әрекет қайталанады.
5. Топтағы таңдалған тақырыптағы жұмыс: қағаздағы берілген жауаптардың барлығын талдау, артығын іріктеу, түзету, таныстырылым дайындау.
6. Дайындалған жауаптың таныстырылымы.
7.Таныстырылым бойынша топтан берілген сұрақтардың берілуі, нәтижелерін бағалау.
ҚБ: Өзіндік бағалау. «Смайликтер».
Оқиық (Ө) «Белгі қой» әдісі.
1. С.Бегалиннің «Есеннің кірпісі» мәтінінен теңеу сөздерге белгі қойып оқы.
2. Белгілеп алынған теңеу сөздерге стикерлер жабыстыр.
Қ/Б: Мадақтау. Жарайсыңдар! Тамаша! Сен тамаша ой айттың! т.б.
Іздейік. (ЖЖ) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі.
1.Мұғалім жұмыстың орындалуын түсіндіреді. (Жұппен жұмыс жасап, ақпараттармен бөлісу, таныс емес сөздермен жұмыс жасау).
2. Оқушылар өзінің мәтіннен стикермен белгілеп алған «теңеу» сөздерді көршісімен бөліседі.
3.Жауаптарын мұғалім («бірін-бірі қанатымен қағып ойнағандай», «көкшіл бояуға малынып тұрғандай», «нәзік қиялын қозғайтын») нұсқасымен салыстырады.
ҚБ: «Күншуақ»
Табайық. (Т) «Суреттеу» стратегиясы.
1.Мәтін мазмұны бойынша оқушылар флепчартқа (плакатқа) мәтіннің негізі ойын білдіретін бөлігін салады.
2. Аяқталған жұмысты қорғап, мәтіннің неге сол бөлігін суреттегенін түсіндіреді.
ҚБ: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру