72-сабақ Негізгі және туынды зат есім (3 сынып, III тоқсан )

 72-сабақ Негізгі және туынды зат есім (3 сынып, III тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: 72-сабақ Негізгі және туынды зат есім
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/жанрын салы стырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;
3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- тірек сызбаларды басшылыққа алып мәтін стилі бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды;
- сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды зат есімдерді анықтайды;
- орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен таба алады, түзетеді;
Оқушылардың көбі:
- тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін стилі бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды;
- негізгі және туынды зат есімдерді ажыратады;
- жіберілген орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету жолдарын қарастырады.
Оқушылардың кейбірі:
мәтіндерді стилі бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттайды;
- туынды зат есімдер жасай алады;
- жіберілген орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетіп, шапшаң жазады;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ, Ж, қ) «Былғары қолғап» әдісі
Мұғалім оқушыларды үштен топтастырады. Олардың екеуі ойыншы, біреуі төреші. Мұғалім нұсқауымен берілген тақырып бойынша сұрақ-жауап сағаты ұйымдастырылады.
Мысалы:
• Негізгі зат есім дегеніміз не? Мысалдар келтір.
• Туынды зат есім дегеніміз не? Мысалдар келтір.
• Негізгі және туынды зат есімнің айырмашылықтары қандай?
• Туынды зат есімнің жасалу ерекшеліктерін айт.
Осылайша сұрақ-жауап сағаты қарсыласы тоқтап қалғанша жалғаса береді. Төреші есеп жүргізіп отырады. Рөлдермен ауысып жүргізуге болады.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылып, бағалау критерийлері айтылады.
ІІ. Негізгі бөлім
3.4.2.4 (МК, Ө) Көркем жазу.
Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.
Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісін сақтай отырып, сөйлем жазады.
Мысалы: Тт Ттт Тттт теңге төзім табандылық тиянақтылық
Төзімділік- адамгершілік асыл қасиеттердің бірі.
Оқушыларға қарамен жазылған сөзді сөз құрамына талдау ұсынылады.
Бағалау дескрипторы:
- сөздерді қатесіз жазады;
- негізгі, туынды зат есімді анықтайды;
3.2.6.1 (МК; Ө) Мәтіндерді салыстыру
24-жаттығу. Мәтіндерді оқып, олардың қайсысы көркем мәтін, қайсысы ғылыми-танымдық мәтін екенін анықта.
Оқушылар топқа біріктіріледі. Тапсырманы өзара топта талдап болған соң қорғайды. Екі мәтіннің ортақ тақырыбы не екенін анықтайды. Зергер, зергерлік сөздеріне сұрақ қойып, зат есімнің қай түріне жататындықтарын айтады.
Венн диаграммасы арқылы мәтіндердің айырмашылықтарын көрсетеді.
Көркем мәтін Ғылыми-танымдық мәтін
Сөздік жұмыс:
Зергер- алуан түрлі сәндік бұйымдар мен әшекей заттарды айшықтап жасаушы адам.
Зергерлік- сәндік безендіру бұйымдары.
Бағалау дескрипторы:
- көркем мәтін мен ғылыми-танымдық мәтінді ажыратады;
- екі мәтіннің айырмашылығын біледі;
- негізгі және туынды зат есімді анықтайды.
25-жаттығу.3.3.5.1, 3.4.2.4 (Ө; Қ) 25-жаттығу. Мәтіннің қатесін түзеп жаз. Зат есімдерді тауып, олардың қайсысы негізгі және туынды екенін ажырат.
Оқушылар топта ақылдасып, шешім шығарады. Мәтіндегі қате жазылған сөздерді түзеп жазады. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі. Зат есімдерді табады. Сөз құрамына қарай зат есімнің түрлерін ажыратады.
Мысалы, Зергердер - зергерлер
Сақыйна – сақина
Зергерлер, бұйымдар, сырға, сақина, білезік, белдік, жүзік, кісе, шақша, балдақ
Бағалау дескрипторы:
- негізгі және туынды зат есімді анықтайды;қатені түзеп, дәптерге жазады;
Сергіту сәті. Дене қимыл жаттығулары жасалады.
3.3.5.1 (Ө; Қ) 26-жаттығу. Жасырынған мақалды тауып оқы.
Мақалды жаз және ондағы зат есімдерге жұрнақтар жалғау арқылы туынды зат есім жаса.
Оқушылар өрнектерге және олардың түсіне қарай жасырынған әріптерді қойып, мақалды оқиды.
(Өнер алды – қызыл тіл).
Мақалдың мағынасына талдау жасайды.
Бағалау дескрипторы:
- негізгі, туынды зат есімді анықтайды;
жұрнақтар жалғау арқылы туынды зат есім жасайды.
«Суреттер сөйлейді» ойыны3.4.2.4 (ЖЖ) «Суреттер сөйлейді» ойыны.
Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды. Екеуара ақылдаса отырып, ортақ шешім қабылдайды. Суреттердің атауын атап, сөз құрамына талдайды.
• Қандай қорытынды жасар едің?
Сурет атаулары: (әнші, сызғыш, дәрігер, кітапхана, дүкенші, балықшы, ғарышкер, оқушы)
Негізгі зат есімдер: балық, ән
Туынды зат есімдер: сызғыш, дәрігер, кітапхана, дүкенші, ғарышкер, балықшы, оқушы, әнші
Бағалау дескрипторы:
- суреттердің атауын атап, сөз құрамына талдайды;
- негізгі, туынды зат есімді анықтайды;
3.4.2.4, 3.3.5.1 (ТЖ) Шығармашылық үзіліс. Саралау тапсырмасы. «Сиқырлы қалпақ» әдісі.
• Қалпақтағы сөздерді өз ұяшығына орналастыр.
• Суретші, сый, сыйлық, қалам, сызғыш, ағаш, өнер, қапшық, сусын, су, балық, үйшік, мұз, сиыр, құлыншақ, асхана, көл, сазгер
Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды. Жұпта талқылаған соң топ болып кеңеседі. Туынды зат есімдерді қатыстырып, сөйлем құрастырады. Ойларын ортаға салады. Сөйлемдерді қатесіз дәптерге көшіріп жазады.
Бағалау дескрипторы:
- сөздерді сөз құрамына талдайды;
- негізгі, туынды зат есімді анықтайды;
- туынды зат есімдердің жасалу жолдарына назар аударады;
- туынды зат есімдерді қатыстырып сөйлем құрап айтады;
- сөйлеу барысында қолдана алады;
- құраған сөйлемдерін қатесіз көшіріп жазады;......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру