71-сабақ Негізгі және туынды зат есім (3 сынып, III тоқсан )

 71-сабақ Негізгі және туынды зат есім (3 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: 71-сабақ Негізгі және туынды зат есім
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, жауап береді;
- сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды зат есімдерді анықтайды;
- стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен таба алады, түзетеді;
Оқушылардың көбі:
- пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды мәтіннің мазмұны бойынша құрастырады, оларға жауап береді;
- негізгі және туынды зат есімдерді ажыратады;
- жіберілген стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету жолдарын қарастырады.
Оқушылардың кейбірі:
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге
бағытталған сұрақтарды өз бетінше құрастырады,
нақты тұжырыммен жауап береді;
- туынды зат есімдер жасай алады;
- жіберілген стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетіп, шапшаң жазады;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал. Оқушылар кішкене қағаз жүрекшелерге тілектерін жазып бір-біріне ұсынады.
(Ұ, Ж, қ) «Топтастыру» әдісі бойынша зат есім, оған қандай сұрақ қойылатыны, зат есімнің түрлері, олардың емлесі туралы өтілген тақырыпты қайталау жұмысы жүргізіледі. Оқушылар дөңгелене тұрып, зат есім туралы білімдерін бірінен соң бірі кезектесе ортаға салады.
3.4.2.4 Оқушыларды топқа бөлу. Барлық оқушыларға суреттер немесе (күйші, әнші, қобызшы) қима қағаздар үлестіріліп беріледі. Суреттер немесе қима қағаздар бойынша топқа бөлінеді.
күйші әнші қобызшы
Әр топ өз суреттеріне байланысты топтарын қысқаша таныстырады.
1-топ: Құрманғазы Сағырбайұлы — қазақтың ұлы күйші-композиторы. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алды. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Назым», «Балқаймақ», сияқты күйлері бар.
2-топ: Роза Рымбаева- әнші, профессор, актриса. Қазақстанның халық әртісі, халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрмет және Парасат ордендері мен марапаттың иегері. Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды.
3-топ: Молықбай Байсақұлы – қобызшы, бақсы, жыр дүлдүлі. Өнерпаздық, емшілік қасиеттері әкесінен дарыған. Халқына киелі қара қобызы және шипагерлік қасиеті арқылы қамқор болғандықтан «қобызшы Молықбай» деп атанған.
«Ой бөліс» әдісі бойынша әр топ сөздерді сызба негізінде сөз құрамына талдайды.
түбір + жұрнақ = туынды сөз
Түбір сөздердің қай сөз табынан жасалғанын анықтайды. Қорытынды жасайды. Әнші, қобызшы, күйші сөздерін сөз құрамына талдай отырып, қорытынды жасайды.
қобыз-қобызшы қобыз- түбір, - шы -жұрнақ
ән-әнші ән- түбір, - ші -жұрнақ
күй-күйші күй- түбір, - ші -жұрнақ
Оқушыларға негізгі, туынды зат есім туралы түсінік беріледі.
Зат есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейді:ана, бала, кесте, көз.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейді:іскер, суретші, оқулық.
Бағалау дескрипторы:
- негізгі, туынды зат есімді ажыратады;
- олардың жасалу жолдарын біледі......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру