7-сабақ Зат есімнің тәуелденуі (3 сынып, III тоқсан )

 7-сабақ Зат есімнің тәуелденуі (3 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: 7-сабақ Зат есімнің тәуелденуі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
- үлгі негізінде зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;
- үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді;
Оқушылардың көбі:
- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
- тәуелдік жалғаулары кестесі негізінде зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
Оқушылардың кейбірі:
- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды
анықтай алады;
- зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің
биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және
біркелкі орта темппен жазады;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ой шақыру сәті
• Жұмбақтың шешуін тап.
• Тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді тап.
Ақ лағым арық еді,
Кеше ғана сымпиған.
Әжем бір күн бағып еді,
Семіз болды бұлтиған. (Ұршық)
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
(ТЖ) «Сиқырлы суреттер» әдісі
3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;
• Суреттердегі заттарды үш жақта тәуелдеп айт.
«Сиқырлы суреттер» әдісі арқылы топтарға түрлі заттардың суреттері көрсетіледі. Тапсырма «Сен-маған, мен-саған» әдісі бойынша жүргізіледі. 1-топ суреттегі заттарды үш жақта тәуелдеп айтады. 2-топ әр жақтың тәуелдік жалғауларын ажыратады.
Осылайша зат есімнің тәуелдену ерекшеліктерін еске түсіреді.
Бағалау дескрипторы:
- тәуелдік жалғауларының қолданысын біледі;
ІІ. Негізгі бөлім
(МК, Ө) Көркем жазу.
3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.
Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісін сақтай отырып сөздер жазады.
Мысалы: Оо Оо Оо Оо ооо ооо ооо
Отаны, орындығым, орамалың, орманымыз, отыны
• Тәуелденген зат есімдердің қай түрде, қай жақта тұрғанын айт.
(ТЖ; Ө) Өлеңді түсініп оқы
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;
.............
Әкем менің – қауыншы,
Апам менің – сауыншы.
Ағам менің – егінші,
Жеңгем менің – тігінші.
Атам болса, ол – ұста,
Бәрі-бәрі жұмыста.
Отырмаймын мен текке,
Кеттім мен де мектепке.
Өлеңнің тақырыбын анықтату үшін «Өлең не туралы?» сұрағы қойылады. Немесе «Тақырып не туралы?» тапсырмасы беріледі. Топтағы оқушылар өз тұжырымдарын ортаға салады, идеяларымен бөліседі:
1. Біздің үй.
2. Отбасы.
«Автор орындығы» стратегиясы арқылы негізгі ойды анықтауда «Өлеңдегі негізгі ой қай шумақта берілген?» сұрағы қойылып таптырылады.
Бағалау дескрипторы:
- өлеңнің тақырыбын табады;
- өлеңдегі негізгі ойды анықтайды;
- тәуелдік жалғаулардың жалғану ерекшеліктерін біледі;
(ТЖ; Ө) Мәтінді түсініп оқы.
3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;
Мәтінде өнердің қай түрі берілгенін тап.
• Қарамен жазылған сөздің тәуелдену ерекшелігін аңғарту.
Екі сұрақ
Академик Қаныш Сәтбаев кеңес делегациясының құрамында Англияға барады. Сол делегацияны Англияның премьер-министрі қабылдап, қонақасы береді.
Дастарқан басында премьер-министр Қаныш Сәтбаевқа назар аударып, әзілге балаған сұрақ қояды:
- Сәтбаев мырза, айтыңызшы, қазақтардың барлығы да өзіңіздей сұңғақ бойлы ма?- дейді.
- О-о-о! Менің халқым өзімнен әлдеқайда биік!
Оқушыларға «Бұл мәтін өнердің қай түріне жатады?» сұрағын қою арқылы мәтіннің сөз өнеріне жататындығын тапқызып, қарамен жазылған сөзге талдау жасатуға болады:
«Халық» сөзінің түбірін таптырып, оның тәуелденген кезде қандай өзгеріске ұшырағанын оқушылардың өздеріне айтқызылады. Әр топ жасаған қорытындыларын оқулықтағы «Тәуелдік жалғау жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді: әріп-әрпі» ережемен салыстырып, өз жауаптарының дұрыстығына көз жеткізеді.
Бағалау дескрипторы:
- тәуелдік жалғау жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгеретінін біледі;....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру