6-сабақ Зат есімнің тәуелденуі (3 сынып, III тоқсан )

 6-сабақ Зат есімнің тәуелденуі (3 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: 6-сабақ Зат есімнің тәуелденуі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
• мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
• үлгі негізінде зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;
• үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді;
Оқушылардың көбі:
• мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
• тәуелдік жалғаулары кестесі негізінде зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
Оқушылардың кейбірі:
• мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге
бағытталған сұрақтар құрастырады және өз
жауабын негіздеп жауап береді;
• зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің
биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және
біркелкі орта темппен жазады;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Шеңбердегі доп» әдісі
Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлемнің басын айтады да, келесі оқушыға допты лақтырады. Допты қағып алған оқушы сол сөйлемді аяқтайды. Мысалы:
• Заттың атын білдіретін сөз табын ......... дейміз.
• Зат есімдерге ..........................деген сұрақтар қойылады.
• Зат есімдер ........, ........... түрде айтылады.
Топқа бөлу
І топ: Айтыскерлер
ІІ топ: Күйшілер
ІІІ топ: Термешілер
Әр топ өз атауларына байланысты топтарын қысқаша таныстырады.
1-топ: Айтыскерлер
Айтыс өнері - ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.
ІІ топ: Күйшілер
Күй - көне замандардан күні бүгінге дейін халқымызбен бірге жасасып келе жатқан ең киелі де қастерлі, сырлы да сұлу өнер.
ІІІ топ: Термешілер
• Терме – сөз өнері. Көркем сөз арқылы жететін өсиет, нақыл сөз.
ІІ. Негізгі бөлім
(МК, Ө) Көркем жазу.
3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.
Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісін сақтай отырып сөйлем жазады.
Мысалы: Бб Бб ббб бб ббб бб
Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер.
• Мағынасын қалай түсінесің?
• Қарамен жазылған сөздерге назар аудар. Оларға сұрақ қой.
• Оларды сөз құрамына талда.
атасы, анасы сөздерін сөз құрамына талдай отырып, ереже құрастырады.
Ереже:
Зат есімнің тәуелденуі
Заттың біреуге меншікті екенін білдіретін қосымшаларды тәуелдік жалғау дейміз. Тәуелдік жалғау үш жақта айтылады.
Оқушыларға зат есімнің тәуелденуі туралы түсінік беріледі.

ЕСТЕ САҚТА!
Жекеше Көпше
I-жақ Менің қаламым
II-жақ Сенің қаламың
Сіздің қаламыңыз
III-жақ Оның қаламы Біздің досымыз
Сендердің достарың
Сіздердің достарыңыз
Олардың достары

(Ө,Қ) Өлеңді жатқа жазу.
3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
• Тәуелдік жалғаулары жалғанған зат есімдерді тауып, астын сыз.
Бесік жыры
Әлди, әлди, әлди бөпем,
Әлдилесем келеді-ау,
Неше түрлі өлеңім.
Алтыннан болсын шүмегің,
Күмістен болсын түбегің.
Сені туды дегенде,
Жарыла жаздады-ау жүрегім.
Соңыңнан ерсін көмегің,
Жалғыз да Құдай жар болып,
Қабыл болсын тілегің!
Оқушылар өлеңді жатқа жазу үшін өлеңнің мазмұнын түсініп, тыныс белгілеріне назар аударады, тәуелдік жалғаулары жалғанған зат есімдерді тауып, астын сызады. Дәптерге қатесіз, әдемі жазады. Төмендегі нұсқаулықты басты қағида ретінде ұстанады.
Өлеңді жатқа жазу қадамдары:
1. Өлеңді бірнеше рет түсініп, оқу.
3. Өлеңнің тыныс белгілеріне назар аудару.
4. Өлеңді жаттау (2-3 минут).
5. Жазған өлеңді тақтадағы нұсқасымен тексеру.
6. Өлеңнен тәуелденіп тұрған зат есімдерді тауып,
астын сызу.
Бағалау дескрипторы:
• Тәуелдік жалғаулы сөздерді табады;
• Пунктуациялық нормаларды сақтайды;
• Сауатты әрі көркем жазады.
(ТЖ) Мәтінмен жұмыс Күй атасы.
Мәтінді мұқият тыңда.
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
Күй атасы.
Күй атасы – Құрманғазы кедей шаруаның баласы. Ол жасынан ән-күйге әуес болған. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алған еді. Құрманғазы орындаушылық шеберлігін шыңдап отырды. Есейе келе Құрманғазының атақты күйші ретінде есімі бүкіл қазақ даласына тарайды.
Құрманғазының өмірі әділетсіздікке қарсы күреспен өтеді. Сан рет түрмеге отырды. Құрманғазы алғашқы күйін Исатай мен Махамбеттің қазақ хандарына қарсы көтерілісіне арнайды. Ол азаматшыл оймен күрестен бір сәт бас тартпай өнер күші – домбырасын қару етті.

• Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қой.
(Құрманғазының алғашқы тәлім алған ұстазы кім?
Құрманғазыны неліктен күй атасы деп атап кеткен?
Ол алғашқы шығарған күйлерін кімге арнаған?)
«Интервью» стратегиясы бойынша жұптық жұмыс ұйымдастырылады. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Құрастырған сұрақтарына басқа топтың оқушылары жауап береді.
Бағалау дескрипторы:
• мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді;
(ҰЖ) Сергіту сәті.
3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
• Өлеңнен тәуелденген зат есімдерді тап.
Оқушылар өлең жолдарын қимылмен көрсете отырып, бірге айтады.
(ТЖ) «Қабілетіңді шыңда»
«Попс» әдісі
3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;
• Сөйлемдерді оқы.
• Суретпен берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат.
Менің мектепте қалды.
Жансаяның пештің түбінде ұйықтап жатыр.
Сенің есік алдындағы орындықта тұр.
Жаннұрдың әдемі екен.
Аталған топтар бірлесе отырып, әр сөйлемді талдап, қорғайды. Суретпен берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратады. Тәуелденген зат есімдердің қай түрде, қай жақта тұрғанын айтып, нақты тұжырым жасайды.
Бағалау дескрипторы:
• Тәуелдік жалғаулар жалғап айтады;
• Сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат.
• Олардың қай жақта тұрғанын дәлелдейді,
(Ө; Ж, Ж) Саралау. Шығармашылық үзіліс.
3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;
(ЖЖ) Семантикалық карта
( «+», «-» таңбаларын қою арқылы орындалады).....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру