№ 59-сабақ Сөйлем мүшелерінің байланысы (3 сынып, II тоқсан )

 № 59-сабақ Сөйлем мүшелерінің байланысы (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Сәулет өнері»
Сабақ тақырыбы: № 59-сабақ Сөйлем мүшелерінің байланысы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
-жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
-сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) мүшелерін ажыратады;
-сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
Оқушылардың көбі:
-тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
-сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажыратады;
-қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
Оқушылардың кейбірі:
-сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
- сөйлем мүшелерінің байланысын таба алады.
-қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды, түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Т, Ұ) Өткенді бекіту.
Оқушыларға сөздер таратылады: өнер, құрылыс, тұрғын үйлер, ғимарат, қала.
-Берілген сөздерді оқығанда ойымызға не келеді?
-Өнердің қай түрі болуы мүмкін?
-Өткен сабақтарда не туралы өттік?
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін бірге құрастырады.
ІІІ. Негізгі бөлім
3.1.2.1 (МК; Ө; Қ) 32-жаттығу. Сурет бойынша өлеңнің тақырыбы пен мазмұнын болжайды.
Тапсырма 1. «Дұрыс орналастыр» ойыны. Қиылған сурет бөліктерін дұрыс орналастыру арқылы қаланың суретін құрастыру. Қандай қала екенін анықтау. (Астана қаласы)
Астана қаласы туралы не білетіндіктерін анықтау.
1. Астана - қай мемлекеттің астанасы?
2. Астана қандай қала деп ойлайсың?
3. Астананың сәулетті қала болуы кімдерге байланысты?
4. Құрылысшы мамандығының қаншалықты маңызы бар?
5. Құрылысшы болғың келе ме? Неліктен?
Тапсырма 2. Өлең тақырыбы мен мазмұнын болжату. Өлеңді мәнерлеп оқу.
Тапсырма 3. Өзің тұратын қала немесе ауылға қандай сәулетті ғимарат салатын едің? Не себепті? Суретін сал. Салған суретіңді әңгімеле.
(Ө; Ұ) Жұмыстарын топта жариялайды. Өзін өзі бағалайды.
Бағалау дескрипторы:
-мәтіннің тақырыбы мен мазмұнын болжайды;
-өз ойын жүйелеп жеткізеді.
3.4.2.7 (МК; Ө; Ж; Қ) 33-жаттығу. Мақалды түсініп оқиды, толық нұсқасын табады. Мақалды көшіріп жазады. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін табады. Сөйлем мүшелерінің байланысын, сұрақтар қою арпқылы анықтап, сызбамен сызып көрсетеді. Сұрақ қою үлгісі көрсетіледі. Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді. Орындалған жұмысты өзара бағалайды.
Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісі тақтада көрсетіледі. Қолдауды қажет ететін оқушыларға дәптеріне үлгі көрсетіліп, бастырып жазуға арналған материалдар ұсыну арқылы үйретіледі.
Сергіту сәті!
3.1.3.1 (МК; Ж, Т; Қ) 34-жаттығу. Оқушылар жұпқа бірігеді. Суреттегі зат атауларының алғашқы әріптерінен сөз құрап оқиды (пирамида). Тірек сөздер беріледі. Тірек сөздерді қатыстырып мәтін құрастырады.
Тірек сөздер: Ежелгі, Мысыр жерінде, алып тастар, құрылыс, құлдар, 5 мың жыл бұрын, керемет , қайран қалады.
Құраған мәтіндерін топта жариялайды.
Тапсырма 4. Пирамиданың сәулет өнері туындысы екендігін бір-біріңе дәлелде.
(Т) Оқушылар топқа бірігеді. «Саяхатта» тақырыбында саяхатшылар рөлінде диалог құрастырады. Құраған дилогтары бойынша рөлге еніп, таныстырады. Топтар өзара бағалау дескрипторы негізінде бірін-бірі бағалайды.
Бағалау дескрипторы:
-диалогке белсенді қатысады;
-сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру