Нұсқаулық жазамын (2 сынып, IV тоқсан )

 Нұсқаулық жазамын  (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақтың тақырыбы: Нұсқаулық жазамын
Оқу мақсаты: 2.3.2.1 үлгі бойынша қарапайым хабарландыру, хабарлама және нұсқаулық (ас әзірлеу рецептісі) жазу;
2.3.1.1 тірек сөздерді пайдаланып, жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу
Сабақтың мақсаттары: Мультфильм көру арқылы өздерінің ойларын айтады.Сиыр жайлы ақпарат жинау арқылы нұсқаулық жазады.Сурет пен тірек сөздер арқылы мәтін құрастырып жазады.
Сабақ барысы: (Ұ) Оқушылар шеңберге тұрады. Жұмбақ жасыру. Шешуін тапқаннан кейін, шеңбердің ортасына кіріп, ыстық доп ойынын ойнату. Допты кез келген баланың қолына ұстатарда бір тапсырма беріледі. Оқушы сол тапсырманы орындайды.
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт жаптырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар (сиыр)
-Сиырдың төлін ата?
-Қалай дыбыстайды?
-Пайдасы қандай?
-Түсі қандай?
-Сүтінің пайдасын айт?
-Етінің пайдасын айт?
-Сиыр атасы?
-Тамағы қандай?
(МК,Ұ)Тыңдалым
Мақсаты:Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, проблемалық жағдайларды шешуге дағдыландыру.
Алдаркөсе мультфильмі бойынша сұрақтарға жауап береді. (көру: 0.25 -6.30)
-Мультфильм не туралы?
-Бай мен кемпірі не үшін бәстесті?
-Қалай ойлайсыңдар, олар дұрыс істеді ме?
-Олар сиырға дұрыс күтім жасап жүр ме?
-Сиырдың бізге қандай пайдасы бар?
-Оған қалай күтім жасау керек?
(Ж,Қ) Нұсқаулық жазу
Бірлесе отырып, сиырға қандай күтім жасау керек екендігіне байланысты нұсқаулық жасайды.
1. Сиырға қолайлы жағдай жасау
2. Оған уақытымен тамақ беру
3. Тұрған жерін тазалап тұру
4. Оған су беру
5. Оны табынға жіберу
6. Оны жеке қораға қою
7. Желінін жуып тұру және т.б.
Нұсқаулықтарын оқып, бір-бірін тексереді.Кімнің нұсқаулығы толық, дұрыс жазылғаны анықталады.
(Ж) Мәтін құру
Төмендегі тірек сөздер мен тіркестерді пайдалана отырып, сурет бойынша әңгіме жаз.Әңгімеге тақырып қой. Мәтіннің қай түрі?
Төрт түлік, достық, асыр салып, кең дала, күн нұры, тау етегі, бақытты, табиғат
Жазылған мәтіндерін оқып, кімге кімнің мәтіні ұнағанын айтады.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру