9 мамыр - Жеңіс күні №6 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)

 9 мамыр - Жеңіс күні №6 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: 9 мамыр - Жеңіс күні №6
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
мәтіннің негізгі ойын түсінеді, заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді мұғалімнің қолдауымен қолданады.
Оқушылардың көпшілігі:
мәтіннің негізгі ойын түсінеді, заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді үлгі бойынша қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
мәтіннің негізгі ойын түсінеді, заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша/жазбаша тілде еркін қолданады.
Сабақ барысы: «Шаттық шеңберіне» шақыру
Балалар бір-біріне тілек тілеп «сиқырлы таяқшаны» береді.
Ой шақыру
(Ұ) «Жауынгер» сөзіне ассоцация жаса.
(батыр, жерін құрметтейтін, елін сүйетін, жаудан қорғайтын, қару-жарағы бар)
- Қандай қазақ жауынгерлерін білесің?
(Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы т.б.)
Сабақтың тақырыбын болжату
(9 мамыр - Жеңіс күні)
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
• мәтіннің негізгі ойын түсінемін;
• заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді дұрыс қолданамын.
Мағынаны тану
Жаңа сөздерді
(Ұ) Жаңа сөздерді суреттер арқылы меңгерту
Жеңіс –
Жауынгер –
Дамыту жолдары:
˗ сөздерді суреттер арқылы меңгерту;
˗ сөздермен сөйлемдер ойластыру;
˗ дұрыс айту мен дұрыс жазу жолдарын меңгерту;
˗ сөздерді дауыстап айтқызу.
(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын
Жіктік жалғауды қайтала.
Мұғалім сөздің басын дауыстап айтады, кез-келген оқушы жалғауын жалғастырады. Оқушы қателессе, қасында отырған көршісі түзетеді.
Мен жауынгермін
Сен жауынгерсің
Сіз жауынгерсіз
Ол жауынгер
1-тапсырма:
(Ұ) Мәтінді тыңда. Түсінгеніңді айт. Мәтінді екі рет тыңдайды. Бірінші тыңдағанда тірек сөздерді жазып аладыы. Екінші тыңдаған соң тірек сөздерге сүйеніп мазмұнын айтады.
2-тапсырма:
(Т) Мәтінді түсініп оқы.
Мәтінді мұқият тізбектеп дауыстап оқиды. Түсінбеген сөздерді талқылайды. Мазмұнын өз сөзімен айтады.
9 мамыр – Жеңіс күні. Жауынгерлер Отанды қорғайды. Олар төрт жыл соғысты. Бауыржан Момышұлы, Талғат бигельдинов, Сергей Луганский, Мәншүк Мәметова, лия Молдағұлова – жауынгер батырлар. Олар жеңіске жетті. Ұлы жеңісті адамдар ұмытпайды. 9 мамырда мәңгілік алауға гүл қоямыз.
Кері байланыс
Тапсырма ұнады ма?
3-тапсырма:
(ЖЖ) Сөздер мен сөз тіркестерін сәйкестендір.
Тапсырманы өзара оқып, талқылайды. Басқа жұптар жұмыстарын бағалайды.
1 Жеңіс а ұмытпайды
2 мәңгілік ә қорғайды
3 батыр б күні
4 жаудан в алау
5 батыр жауынгерлері г жауынгерлер.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру