2-сабақ Дина күй шертеді (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

 2-сабақ Дина күй шертеді (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: 2-сабақ Дина күй шертеді
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
3.3.4.1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру.
2.4 Оқыған/ тыңдаған материалды мазмұндау
3.2.4.1* жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау.
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.5* үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру.
Сабақ мақсаттары:
1. Оқыған мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
2. Сұрақтарға дұрыс толық жауап беру.
3. Берілген тақырып бойынша диалог құру.
4. Жай сөйлемнен құрмалас сөйлем құрастыра білу.
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тірек сөздермен сөз тіркестерін құрайды, жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, жоспар негізінде сөйлейді, жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша өз ойларыммен бөліседі, басқа оқушылардың ойларын толықтырады.
Сабақ барысы: Үй тапсырмасын тексеру. «Доп лақтыру» әдісі. Мұғалім допты оқушыларға қарай лақтырады. Допты қағып алған оқушы үй тапсырмасын айтады. Дайындап келген жауабын айтып болған соң, ол допты қалаған адамына лақтырады. Бұл сөз беру әрекеті осылай жалғасады (уақытқа қарай үй тапсырмасын 5-6 оқушыдан сұрап шығуға болады).
Ой қозғау. Өткен сабақ тақырыбын еске түсіріп, бүгінгі сабақта оны жалғастыру, балаларды коммуникативтік қатынасқа тарту мақсатымен тиісті сұрақтар қойылады:
1. Өткен сабақта кіммен таныстық?
2. Күй өнерінің қыр-сырын ол неше жасынан бастап үйренді?
3. Айналасындағы адамдар оны қалай атады?
4. Динаның ұстазы кім болды?
5. Динаның өзі шығарған күйлерін атай аласыздар ма?
Оқушылар 1-3 сұрақтарға жауап беріп, 4-сұрақтың жауабын шамалап, 5-сұраққа жауап бере алмайтындары белгілі. Мұғалім: «Бұл сұрақтардың жауабын бүгінгі сабақтан білетін боламыз», – деп, өткен сабақ тақырыбын жалғастырады.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Оқыған мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
Берілген тақырып бойынша диалог құру.
Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрастыру.
(МК, Ұ) Жаңа сөзді синонимдер арқылы меңгерту.
Жаңа сөз Тура мағынасына жақын сөз
ІРІ
үлкен
Ауыспалы мағынасына жақын сөздер
маңызды
көрнекті
танымал
(Ө) Оқылым. Алдымен оқушылар мәтінді оқып, мазмұнымен танысады:
Оқушылар мәтін бойынша сұрақтар құрастырады. Сұрақтың жауабын өзі қалаған сыныптасынан сұрайды. Осылай оқушылар кезекпен-кезек сұрақ қойып, жауап береді.
Дескрипторлар:
- сұрақтарға дұрыс толық жауап береді;
- сөздерді орфоэпиялық нормаға сай қатесіз айтады.
Бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бірден бағалап отырады.
(Ұ) Оқылым. Айтылым.
дарынды қыз атақты күйші
күй шертеді күй үйренеді
күй шығарады танымал ірі күйлері
«Мені түсін» әдісі бойынша бір оқушы берілген сөз тіркестерін дауыстап оқиды. Басқа оқушылар оның кім туралы айтып тұрғанын түсініп, қысқаша сөйлемдер құрайды. Мысалы, бір оқушы «күй үйренеді» десе, басқа оқушылар «Дина күй үйренеді», «Кішкентай қыз күй үйренеді», «Дина Құрманғазыдан күй үйренеді» деген сияқты жауаптарын ұсыну қажет.
(МК,Ұ) Грамматикалық қоржын
Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсінік беру.
Жай сөйлем
1. Атақты Құрманғазы кішкентай Динаны іздеп келеді.
2. Ол Динаның өнерін тамашалап, батасын бергісі келеді. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру