Жақсы және жаман мінез №2 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

 Жақсы және жаман мінез №2 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Жақсы және жаман мінез №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 2.4 Оқыған/ тыңдаған материлды мазмұндау
3.2.4.1* жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.5 Үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлемдер құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Сурет және тірек сөздер негізінде мұғалімнің көмегімен оқиғаны мазмұндайды, жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлемдер құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Сурет және тірек сөздер арқылы оқиға желісін сақтай отырып мазмұндайды, сөздердің орын тәртібін сақтап құрмалас сөйлемдер құрастырады.
Оқушылардың кейбірі:
Мазмұндау барысында өз пікірін білдіреді, өз бетінше жай және құрмалас сөйлемдер құрастырады.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбер «Сиқырлы таяқша»
Балалар бір-біріне «Сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:
Мен бәріңе денсаулық тілеймін!
Мен бәріңе қуаныш тілеймін!
Мен бәріңе мейірім тілеймін!
Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!
Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! және т.б.
Сабақтың тақырыбын болжау: Оқушылар «Изограф» (бейнежазба) әдісі арқылы қандай сөздерді оқуға болатынын табады.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
- сурет және тірек сөздер арқылы оқиғаны мазмұндаймын;
- жай және құрмалас сөйлемдер құрастырамын.
Өткен сабақпен байланыс:
(Ж) Оқушылар суреттердің ретін белгілейді және берілген тірек сөздерге сүйеніп, екі дос туралы әңгіменің мазмұнын айтады.
Келе жатады, көреді. Жерге жатады, иіскелейді.
Шыға келеді. Ағашқа шығады, тастап кетеді.
Дескриптор:
˗ суреттердің ретін анықтайды;
˗ әңгіменің мазмұнын жүйелі баяндайды;
˗ тірек сөздерді орынды қолданады;
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды
(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: мінез, ренжу
Мінез – сыр
Мінез – адамның мінезі, мінезі ауыр, ер мінез, ашық мінез, жақсы мінез, жаман мінез, тік міне
Ренжу – жабырқау
Ренжу – досыма ренжідім, мен ренжіді+м, сен ренжі+ме, сіз ренжіді+ңіз, ол ренжі+ді.
(Т) «Құпия хаттар сыры».
Оқушылар пазл әдісі арқылы 2 топқа бөлінеді. Топ ішінде құпия хаттардағы жағдаятты бірігіп талқылайды және бір шешімге келеді. Әр топ өз ұсынысын айтады.
1-топ.
Құрметті балалар! Менің сыныбымда бір бала бар. Оның аты – Марат. Мен оған ренжідім, себебі ол маған жаман сөз айтты. Не істесем болады?
2-топ.
Құрметті достар! Менің досым бар. Оның аты – Арман. Мінезі жаман. Үнемі балаларды ренжітеді. Қандай ақыл айтсам болады?
Кері байланыс: топтар бір–бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
(Ж) «Бес минуттік жазу»
Мен досыма ренжідім, себебі .................
Мен досыма ренжімеймін, себебі .............
Досымның мінезі ..................., себебі ..............
Дескриптор:
– құрмалас сөйлемдер құрастырады;
– сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру