№ 2 сабақ Қарындасым билейді (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

 № 2 сабақ Қарындасым билейді (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: № 2 сабақ Қарындасым билейді
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру 2-тапсырма
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру 4-тапрсырма
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру
Сабақ мақсаттары:
1. Сұрау есімдіктерімен сұрақтар құрастыру.
2. Сурет бойынша мәтін құру, оны мазмұндау.
3. Құрмалас сөйлемдер құру.
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы оқыған мәтіннің мазмұнын айтады.
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтіннің мазмұнын тірек сөздердің көмегімен айтады, мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрайды.
Оқушылардың кейбірі: оқыған мәтінге қатысты өз пікірлерін айтады, үлгі бойынша құрмалас сөйлемдер құрайды.
Сабақ барысы: Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Ыстық алақан» тренингін өткізеді. Оқушылар сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.
Мұғалім оқушылардан үй тапсырмасын «Жеңілдетілген анықтама блиц» ойыны арқылы сұрайды. Әр жұпқа бір-бір сурет беріледі. Оқушылар берілген суретті бір-бір сөйлеммен сипаттап шығады. (Отбасына қатысты суреттер беріледі.)
Ой қозғау. Оқушыларға инбелсендітақтадан би туралы суреттер көрсетіледі.
Бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар?
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
• оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеміз;
• суреттер мен тірек сөздер негізінде мәтін құраймыз;
• сөйлемнің орын тәртібін сақтап, сөйлем құраймыз.
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді (моншақ, сахна, қимыл)
суреттер мен сөйлемдер арқылы меңгерту.
моншақ сахна қимыл
Қызыл моншақ. Үлкен сахна. Жылдам қимыл.
(Ұ) Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, өз ойларыммен бөліседі.
Тыңдалым мәтіні:
Марина мен Әлихан өнерлі балалар. Марина биді жақсы көреді. Сол үшін ол биге үйірмесіне барады. Ол халық билерін жақсы билейді. Ал Әлихан домбыра үйірмесіне қатысады. Себебі ол домбыраммен ән айтқанды жақсы көреді.
• Саған кімнің таңдауы ұнады?
Оқушылар төмендегі сөйлемді жалғастырып айтады:
Маған Маринаның таңдауы ұнады. Себебі .......... .
Маған Әлиханның таңдауы ұнады. Себебі......... .
(Т) Оқылым. Әр топ оқылым мәтінін төмендегі тапсырмалар негізінде меңгереді:
1. «Пазл» әдісі. Кестедегі сөйлемдердің реттілігін сақтап, тұтас мәтін құрайды.
Гүлсаяның әдемі моншағы бар.
Ол жақсы билейді.
Оның көйлегі қызыл.
Ол сахнада достарыммен «Қаражорға» биін билейді.
Қарындасым – Гүлсая биі үйірмесіне қатысады.
2. Мәтін не туралы?
а) Би туралы
ә) Моншақ туралы
б) Сахна туралы
3. Оқушылар мәтінді қаншалықты меңгергенін білу үшін төмендегі сұрақтарға жауап береді:
 Гүлсая неге қатысады?
 Оның көйлегі қандай?
 Гүлсаяда не бар?
 Ол кіммен билейді?....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру