Қай ғимарат ұнайды? (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері» (10-сабақ)
Сабақ тақырыбы: Қай ғимарат ұнайды?
Оқу мақсаттары:
Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
3.1.3.1* тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастырып, мазмұндау;
Каллиграфиялық дағдыларды дамыту
3.4.4.1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу (каллиграфиялық дағдыларын дамыту)
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарды қалпына келтіріп, жауап береді.
Оқушылардың көпшілігі:
Суреттерді мәтін мазмұны бойынша орналастырып, мазмұнын айтады.
Оқушылардың кейбірі:
Иллюстрациялар бойынша сипаттау мәтінін құрастырып, топтық жұмыстарды бағалайды.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту – 3 минут
Өлеңдерді қалпына келтіру
Оқушыларға төмендегі өлеңнің әр жолы жеке-жеке қиылып, таратылады. Берілген өлең жолдарын біріктіру барысында оқушылар 3 топқа бірігеді әрі тарау бойы өтілген жаңа сөздерді еске түсіреді. Сондай-ақ үй тапсырмасын да қамтиды.
«Бәйтерек» - сәні қаланың.
Түрлеген оның алаңын.
Аялайды «ағашты»
Сарыарқаның самалы.
Көктөбе – көркем, көрікті,
Табиғатына тамсанам.
Ол жерден түгел көрінер
Алматы шамы самсаған
Бұл – үлкен сарай.
Қызығады талай.
Мұнарасы биік
Тұр аспанға тиіп.
Суреттермен жұмыс – 2 минут
Бұл не? Ал мынау қай ғимарат? Саған қай ғимарат ұнайды? Саған ше? Неге?
Сұрақтарға жауап береді.
Сабақтың тақырыбы жарияланады.
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 2 минут
Жаңа сөздермен жұмыс
Оқулықтың 116-бетінде берілген ескі, тұрғын сөздерінің мағынасы мен айтылуын меңгерту жұмыстары жүргізіледі: мұғалім жаңа сөздерді дауыстап оқиды, оқушылар мұғалім соңынан қайталайды. 116-беттегі суретті сөздікпен жұмыс жүргізіледі.
1-тапсырма (116-беттегі 1-тапсырма). Мәтінді тыңдап, сұрақтарды қалпына келтіру
Оқушылар үнтаспадан мәтінді тыңдайды. Әрі қарай:
1) Әр топ мұғалім бөліп берген 1 сұрақты қалпына келтіріп жазады да, сұрақты келесі топқа қояды.
2) Келесі топ өздеріне берілген сұраққа жауап береді де, өз сұрағын 3-топқа қояды.
3) 3-топ өздеріне қойылған сұраққа жауап береді де, өз сұрағын 1-топқа қояды.
4) Сұрақтар мен жауаптарды бағалау «Жасыл, сары, қызыл фишкалар» арқылы жүргізіледі, яғни топтар бір-біріне тек сұрақ қойып қана қоймай, әр топтың сұрақтары мен жауаптарын да бағалайды. Мұндағы: «жасыл» - «өте жақсы», «сары» - «жақсы», «қызыл» - «орташа».
2-тапсырма (117-беттегі 2-тапсырма). Берілген суреттерді тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша орналастырып, мазмұндау
Оқушылар назары оқулықтағы суреттерге (117-бет, 2-тапсырма) аударылады. Тапсырманы орындау жолы түсіндіріледі. Оқушылар топтарда суреттерді мәтін мазмұнына сәйкес реттейді де, мазмұнын топта 1 рет айтып шығады. Осы дайындыққа 4 минут, әр топтың мазмұндауына 1 минут, жалпы бағалауға 1 минут берілетіні ескертіледі. Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы орындалады.
3-тапсырма. «Құпия хаттар» ойыны
(оқулықтың 117-бетіндегі 5-тапсырманы сәл өзгертіп, мына жолмен жүзеге асыру ұсынылады:)
1) Барлық топтарға бірдей Көктөбенің, «Шығыс күнтізбесі» субұрқақғының, «Бәйтерек» кешенінің, «Президент» саябағының, Райымбек батыр кесенесінің суреттері конверттерге салынып беріледі.
2) Әр топтың мүшелері суреттерді партаға жайып қарайды да, 1 ғимаратты таңдайды, бірақ басқа топтарға қай ғимаратты таңдағанын білдірмейді. Сол ғимаратты ватманға сипаттап жазады да, конвертке салып, келесі топқа береді. Келесі топ 1-топтың мәтінін оқып, мәтінге сәйкес суретті жапсырады да, 3-топқа жібереді. 3-топ хаттағы сурет жапсырылған мәтінді оқып, дұрыстығын талқылайды және тақтаға іліп, 1-топтың мәтінін, 2-топтың суретті дұрыс/бұрыс тапқандығын бағалайды. Барлық топтардың жұмыстары осылайша бір-біріне алмаса отырып, қорғалады әрі бағаланады.
Дескриптор:
1. Иллюстрациялар бойынша сипаттау мәтінін каллиграфиялық ережелерге сәйкес құрастырып жазды.
2. Мәтінге сәйкес суретті дұрыс анықтады.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Қай ғимарат ұнайды? 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Қай ғимарат ұнайды?