Өнер деген не? 1-сабақ (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

 Өнер деген не? 1-сабақ (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: Өнер деген не? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау
2.1 Сөздік қорды толықтыру
3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
Сабақ мақсаттары:
1. Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
2. Тақырып бойынша сөздерді қолдану
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тақырып бойынша сөздердің мағынасын түсінеді, тақырып бойынша сөйлемдер құрайды
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздердің көмегімен мәтін құрастырады,тақырып бойынша сөздерді қолданады
Оқушылардың кейбірі: оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға толық жауап береді, құрылымын сақтай отырып, мәтін құрастырады, тақырып бойынша сөздерді еркін қолданады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту
Сөздер мен суреттерді сәйкестендіру арқылы бөлімнің атауын болжайды.
Аспапта ойнау Ән айту қолөнер сурет салу Би билеу
 Бұларды бір сөзбен қалай атайды?
 Жаңа бөлімнің атауы қандай деп ойлайсыңдар?
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• Тыңдаған бейнематериалдың мазмұнын түсінемін.
• Тақырып бойынша сөздерді дұрыс қолданамын.
Сөздердің мағынасын меңгерту, сөз тіркестерін және сөйлемдер құру.
Өнер - ән, музыка, би
Би өнері, өнер үйрену, қызық өнер
Өнерлі - өнері бар адам, ән айтатын, би билейтін, заттар жасайтын адам
«Сөздермен теннис ойнау»
• өнер
• ән өнері
• Ән өнері ұнайды.
• Маған ән өнері ұнайды.
• Маған қазақтың ән өнері ұнайды.
Тіл дамыту сұрақтары.
• Сен қандай өнерді ұнатасың? Неге?
• Сенің қандай өнерің бар?
• Сыныпта кім өнерлі?
(Ө) Тыңдалым
Өнер туралы мультфильм
№ Сөйлемдер Дұрыс Бұрыс
1 Әкесі баласына «сауда жаса» деп ақша берді.
2 Баласы ақшаға сырнай тартуды үйренді.
3 Әкесі баласының әрекетіне ашуланды.
4 Әкесі екінші рет «сауда жаса» деп ақша берді.
5 Баласы ақшаға тоғызқұмалақ ойынын үйренді.
6 Баласы әкесінен қорқып, үйіне бармады.
7 Бала қалаға кетті.
8 Бала сырнай тартып, аман қалды.
9 Бала әкесімен шахмат ойнады.
10 Хан баладан жеңіліп, әкесіне бір қап алтын әкелді.
Оқушылар жұмыстарын қатар отырған көршілеріне береді. Мұғалім дұрыс жауапты оқып тұрады, оқушылар көршісінің жұмысын тексеріп бағалайды.
«Өте жақсы»
«Жақсы»
«Талпын»
«Ойлан»
(МК, Ұ) Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
 Мультфильм не туралы?
 Балаға өнері қалай көмектесті?
 Қалай ойлайсың, өнерді үйрену үшін адамға қандай қасиеттер керек?....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру