№140 Ойын ережесін құра аламын Ч дыбысы мен әрпі (1 сынып, 6 бөлім )

 №140 Ойын ережесін құра аламын Ч дыбысы мен әрпі (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: №140 Ойын ережесін құра аламын Ч дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
1.2.5.1 мәтін, иллюстрация бойынша (мұғалім көмегімен) сұрақтар қоя білу және қойылған сұраққа жауап беру
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мұғалімнің басшылығымен әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру;
- дыбыстарды айтып көру арқылы сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау;
- үлгі негізінде 3-4 буынды сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- иллюстрация немесе мәтін мазмұны бойынша үлгі негізінде сұраулы сөйлем құрастыру және сұраққа жауап беру;
- жазу жолда бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазу;
Оқушылардың көбі:
- әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіре дұрыс оқу;
- сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау;
- 3-4 буынды сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- иллюстрация немесе мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарды (кім? не? қашан? не істеді? қалай?) қолданып, сұраулы сөйлем құрастыру және сұраққа жауап беру;
- жазу жолында бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазу;
Оқушылардың кейбірі:
- әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру;
- сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау;
- құрылымы күрделі сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- иллюстрация немесе мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастыру және сұраққа жауап беру;
- жазу жолында бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазу;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ, Ж, қ) Саралау. «Тиісті әріпті қой» ойыны
• Көп нүктенің орнына Э, Е, Я, А, Ю, У әріптерінің тиістісін қой.
• Шыққан сөздермен сөйлем құрап айт.
...тік, ...таж, Са...н, но...н, а...ла, то..., а...н, қо...,...кипаж, а...лдама.
Сөздер:етік, этаж, Саян, ноян, аяла, тою, аян, қою, экипаж, аялдама.
Сабақ мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін оқушылармен бірге белгілеу.
1.2.9.1, 1.1.9.1, 1.2.1.2 (Ұ, Ж, қ).
Мұғалім оқушыларға бейнетаспаны тыңдатып, көрсетілген суреттің атауын бірге айтуды ұсынады.
Сонымен қатар «чемодан» сөзіндегі таныс емес дыбысты атайды.
Мұғалім оқушылармен диктор арқылы үнтаспаға жазылған тыңдалым жұмыстары негізінде «Чч» әрпімен таныстыру жұмыстарын жүзеге асырады.
• «Ч»дыбысының айтылу ерекшелігіне;
• «Ч»дыбысын хормен қайталату;
• «Ч»дыбысының дауыссыз, қатаң дыбыс екенін аңғарту;
• «Ч»дыбысының айтылу, жазылу ерекшелігіне көңіл бөлдірту; (чемодан, чек)
• «Ч»дыбысы бар сөздерді хормен қайталату;
• Чемодан сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасату;
чемодан сөзінде - 7 әріп, 7 дыбыс бар
чемодан сөзінде –3 буын, че- ашық буын, мо- ашық буын, дан-бітеу буын.
ч- қатаң, дауыссыз дыбыс
е- жіңішке, дауысты дыбыс
м- үнді, дауыссыз дыбыс
о- жуан, дауысты дыбыс
д- ұяң, дауыссыз дыбыс
а- жуан, дауысты дыбыс
н- үнді, дауыссыз дыбыс
Есіңе сақтап ал!
Дескриптор:
- әріпті таниды;
- әріпті дыбыспен сәйкестендіре айтады;
- сөздерді түсініп оқиды;
- ч дыбысының қатаң, дауыссыз дыбыс екенін ажыратады;
1.2.9.1, 1.1.9.1, 1.2.1.2, 1.3.8.1 (МК, Ө) Көркем жазу. Ч әрпін жазып, үйренейік.
Мұғалім оқушылармен диктор арқылы үнтаспаға жазылған әріп бөліктерін бірге жазуды ұсынады.
• Ч әрпінің элементтерін жазып үйрену;
• Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету;
• Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, жолдың жоғарғы және төменгі сызығына қарап үзбей және біркелкі жазу;
Дескриптор:
- әріп бөліктерін дұрыс салады;
- әріпті танып, ажыратады;
- әріптерді бір-бірімен байланыстырып жазады;
- жазу жолының жоғарғы және төменгі сызығын сақтап
жазады;
1.2.9.1, 1.1.9.1, 1.2.1.2 (Ұ, Ж) Шығармашылық үзіліс. Почташы өлеңі
Мұғалім оқушыларға диктор арқылы үнтаспаға жазылған Почташы өлеңін тыңдатады.
• Өлеңнен ч әрпі бар сөзді тап.
• Өлеңді жаттап ал.
• Өлең кім туралы? Әңгімелеп бер.
Ойлан, тап!
Мұғалім оқушыларға диктор арқылы үнтаспаға жазылған атауында ч дыбысы бар сөздерді табуды ұсынады.
Дескриптор:
- әріпті таниды;
- әріпті дыбыспен сәйкестендіре айтады;
- өлеңнен ч дыбысы бар сөзді табады;
- ч дыбысының қатаң, дауыссыз дыбыс екенін ажыратады;
1.2.9.1, 1.1.9.1, 1.2.1.2, 1.2.5.1 (Ө, Ж, Т) Оқулықпен жұмыс «Ойлан-Жұптас-Талқыла» әдісі.
• Ертегіні түсініп оқы.
Оқу түрлері: тізбектей оқу;
жеке оқу;
рольге бөліп оқу;
Мәтіндегі кейіпкерлерді сипаттау білігін бағалау.
Оқушылар топтарға біріктіріледі. «Ойлан-Жұптас-Талқыла» әдісі бойынша әр топ өзіне қарсы топтарға ертегінің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Оқушылар сұрақтарын қарсы топқа қояды. «Сұрақтар галлереясы» әдісін жүзеге асыруда оқушылар сынып ішінде қозғалып, бір-бірінің сұрақтарымен танысады. Сұрақтарға толық жауап береді.
Мысалы:
1-топ: Мәтінде қандай кейіпкерлер бар? (түлкі,шаян) Түлкі қандай аң? Ең бірінші ұсынысты қайсысы жасады?(түлкі)...
2-топ: Нелер жарыса бастады? (түлкі,шаян) Олар екеуі қайда келді? (орманға) Түлкі қандай ұсыныс жасады?...
3-топ: Шаян қандай амал жасады? (Түлкінің құйрығынан ұстап алды) Шаян шынымен чемпион ба?... Сеніңше, қайсысы чемпион деп ойлайсың?
Дескриптор:
- әріпті танып, ажыратады;
- дыбыспен сәйкестендіріп, оқиды;
- сөздерді түсініп оқиды;
- дауыссыз, дауысты дыбыстарды ажырата біледі;
- дыбыстарды дұрыс дыбыстайды;
- мәтін бойынша сұрақтар қояды;
- сұрақтарға жауап береді;
Сергіту сәті. «Біз чемпион боламыз»
Болашақта сен кім боласың?
Біз чемпион боламыз,
Бір, екі, үш, бір, екі, үш.
Торғай боп та ұшамыз,
Чик-чирик, чик-чирик.
Би билеп те аламыз,
Ча-ча-ча, ча-ча-ча.
Орнымызды табамыз,
Қолға қалам аламыз.
1.2.9.1, 1.1.9.1, 1.2.1.2, 1.2.5.1 (Т, Ж) Шығармашылық тапсырма. «Аквариум» әдісі
• Мәтінді түсініп оқы.
• Мәтін мазмұны бойынша сұрақ қой.
• Сұрақтарға жауап бер.
• Сұрақтарды дәптеріңе жазып ал.
Сынып оқушылары топтарға біріктіріледі. Мәтін бойынша сұраққа жауап беретін топ шеңбердің ішінде отырады. Сұрақ қоятын топ оларды қоршап, сыртында тұрады. Ол үшін алдымен бірінші топ мәтін мазмұны бойынша сұрақтарды екінші топқа қояды. Екінші топ сұрақтарға жауап қайтарады. Екінші топ оқушылары бірінші топтың қойған сұрақтарына жүйелі, толық жауап береді. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, бағыт беріп тұрады.
Ықтимал сұрақтар:
- Олимпиада қай қалада өтті?
- Оған кімдер қатысты?
- Олар қандай жетістікке жетті?
- Өзің чемпион болғың келе ме?
Дескриптор:
- әріпті таниды, ажырата біледі;
- әріптерді дұрыс дыбыстайды;
- сөздерді дұрыс оқиды;
- әріптерді бір-бірімен байланыстырып жазады;
- жазу жолының жоғарғы және төменгі сызығын сақтап жазады;
- мәтінді түсініп оқиды;
- мәтін бойынша сұрақтар қояды;
- сұрақтарға жауап береді;
- мәтінге өзіндік пікірлерін білдіреді;.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру