№124 Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я әрпі (1 сынып, 6 бөлім )

 №124 Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я әрпі (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: №124 Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1.2.9.2 дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мұғалімнің басшылығымен әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру;
- мұғалімнің қолдауымен дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу;
- үлгі негізінде 3-4 буынды сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- жазу жолда бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазу;
Оқушылардың көбі:
- әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіре дұрыс оқу;
- дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және үлгі негізінде дұрыс оқу;
- 3-4 буынды сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- жазу жолында бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазу;
Оқушылардың кейбірі:
- әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру;
- дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу;
- құрылымы күрделі сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- жазу жолында бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазу;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.2.9.1, 1.2.9.2 (Ұ, Ж, қ) Жұмбақты шеш.
Мұғалім оқушыларға бейнетаспаны тыңдатып, жасырылған жұмбақтың шешуін табуды ұсынады.
Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады.
Оқушылар жұмбақтың шешуі «қоян» екенін айтады. Сонымен қатар «қоян» сөзіндегі таныс емес дыбысты атайды.
Мұғалім оқушылармен диктор арқылы үнтаспаға жазылған тыңдалым жұмыстары негізінде «Яя» әрпімен таныстыру жұмыстарын жүзеге асырады.
• «Я»дыбысының айтылу ерекшелігіне;
• «Я»дыбысының ауыз қуысында созылып, әндетіп айтылуына назар аударту;
• «Я»дыбысын хормен қайталату;
• «Я»дыбысының дауысты дыбыс екенін аңғарту;
• «Я»дыбысының екі дыбыстың яғни й+а дыбыстарының қосындысынан тұратындығы, ол екі дыбыстың қосарлана айтылуынан жасалғанымен, бір әріппен ғана таңбаланатынына назар аударту;
• «Я»дыбысының жазылу ерекшелігіне ерекше көңіл бөлдірту; (қойан-қоян, айан-аян)
• «Я»дыбысы бар сөздерді хормен қайталату;
Дескриптор:
- әріпті таниды;
- әріпті дыбыспен сәйкестендіре айтады;
Сабақ мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін оқушылармен бірге белгілеу.
«Есіңе сақта!» әдісі
Оқушылармен бірге қайталап, есте сақтау.
1.2.9.1, 1.2.9.2, 1.3.8.1 (ЖЖ) Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы жасырылған текшедегі сөзді табу.
• Шаян сөзіне дыбыстық талдау.
ш- қатаң, дауыссыз дыбыс
а- жуан, дауысты дыбыс
я- қосарлы, дауысты дыбыс
н- үнді, дауыссыз дыбыс
(МК, Ө) Көркем жазу.

Мұғалім оқушылармен үнтаспаға жазылған нұсқаулық бойынша әріп бөліктерін бірге жазуды ұсынады.
• Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету;
• Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, жолдың жоғарғы және төменгі сызығына қарап үзбей және біркелкі жазу;
Дескриптор:
- әріп бөліктерін дұрыс салады;
- әріпті танып, ажыратады;
- әріптерді бір-бірімен байланыстырып жазады;
- жазу жолының жоғарғы және төменгі сызығын сақтап
жазады;
- дыбыстарды дұрыс оқиды;
1.2.1.2, 1.2.9.2 (Ж, Ж)«Сөздер сөйлейді» әдісі
Оқушылар бағандағы сөздерді тізбектей оқиды.
Сөздерге ауызша дыбыстық, буындық талдаулар жасатылады.
Сөздерді қатыстырып сөйлем құратуға болады.
Дескриптор:
- сөздерді буындап оқиды;
- сөздерді түсініп, дұрыс оқиды;
1.3.8.1, 1.2.1.2 (Т,Ұ), (Ө, Қ) «Сюжетті сурет» бойынша ұлттық кейіпкер Алдаркөсемен таныстыру. «Жағымды, жағымсыз, даулы» әдісі
Оқушылар сюжетті суретке қарап, онда кімдердің бейнеленгенін айтады.
- Алдаркөсе деген кім?
- Ол туралы не білесің?
- Оның саған қандай қасиеті ұнайды?
- Алдаркөсе сияқты тағы қандай кейіпкерлерді білесің?
Мәтінмен жұмыс
Оқу түрлері:
• Іштей оқыту;
• Тұтас оқыту;
• Тізбектей оқыту;
• Теріп оқыту
Оқушылар мәтінді оқи отырып, ішінен «я» әрпі бар сөздерді тауып, дәптерге жазады. Өзін-өзі тексеру.
ж- ұяң, дауыссыз дыбыс
а- жуан, дауысты дыбыс
я- қосарлы, дауысты дыбыс
у- дауыссыз дыбыс
«Жағымды, жағымсыз, даулы» әдісі бойынша оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Әр топ оқыған әңгімені «жағымды, жағымсыз, даулы» мәселелерге бөліп, талқылап, өз ойларын(идеяларын) айтады. Содан кейін әр топқа тек бір мәселені бөліп беріп, олар үлкен топқа өз ойларын (идеяларын) ұсынады, ал басқа топтар толықтырып немесе қарсы пікірлер айтуына болады. Мысалы:
Әңгіменің жағымды жағы:
Адамдардың амандық сұрасуы;
Алдаркөсенің тапқырлығы;
Әңгіменің жағымсыз жағы:
Алдаркөсенің атты алдап алып кетуі;
Әңгіменің даулы жағы:
Бай баласының атынан айырылып қалуы;
Саралау:
- Саған мәтін ұнады ма? Неліктен?
- Әсіресе саған не ұнады ?
- Не ұнамады?
- Алдаркөсеге қандай мінездеме берер едің?
Осылайша оқушылар өз ойын білдіріп, дәлелдеулер жасап, қорытындылайды.
Дескриптор:
- сөздерді буындап, тұтас оқиды;
- әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен
мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;
Сергіту сәті Ұлытау. «Жұмыр қылыш»
Бейнетаспадан би қимылдарын қайталату
1.2.9.1, 1.2.9.2 (ТЖ) Ер төстіктің тапсырмасы:
«Ойлан, тап!» әдісі
Шығармашылық тапсырма
Жая, мая, сая,
Аяз, пияз, сия,
Аяқ, таяқ, қия,

Шаян, қоян, ұя,
Бәрінде бар «Я»
- Ия?!
Оқушылар топтарға бөлінеді. Әр топқа ұлттық кейіпкер Ер төстің қоржынындағы бір хаттан таратылады. Хаттағы сурет пен сөздерді қарап, ойласып, әр сөзде неше дыбыс, неше әріп бар екенін топ алдында жария етеді. Сонымен қатар шығармашылық тапсырмадағы я әрпі бар сөздерді атап, дыбыстық талдау жасайды.
Дескриптор:
- әріпті таниды, ажыратады;
- сөздерді тұтас оқиды;
- cөздерге дыбыстық талдау жасайды;.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру