Постер жасау «Э» дыбысы мен әрпі (1 сынып,4 бөлім )
Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Бізді қоршаған әлем»
Сабақ тақырыбы: Постер жасау. «Э» дыбысы мен әрпі
О қу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Ж9 Оқырманды қызықтыру, сендіру мақсатында мәтін жазу
Ж11Грамматикалық нормаларды сақтау
Ж12 Пунктуациялық нормаларды сақтау
Сабақ мақсаттары: Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлем құрастырып жазады
Берілген сөздердің көмегімен шағын постерлер мен жарнамалар құрастырады.
Жай сөйлемдерде сөздерді дұрыс байланыстырып жазады, көптік жалғауларды дұрыс қолданады
Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады.
Сабақ барысы: (Ұ) Оқушыларға үйде жаттаған тақпақты кезекпен айтуды ұсыну.
Жарықсың ғой электр,
Алыпсың ғой, электр.
Сен үйіме келмесең,
Мультфильм де көрмес ем.
(Ұ) Өткен сабақта танысқан мәтінмен жұмыс жасау. Мәтінді оқытып, сұрақтарға жауап беруді ұсыну.
Экскаватор
Экскаватор – алып машина. Экскаватормен жер қазады. Тауды бұзып, тасты жарып, жол салады. Зәулім үйлер мен құрылыс нысандары экскаватордың көмегімен салынады.
Өткен сабақтағы материалды жаңа сабақпен байланыстыру үшін осы алып машинаның көмегімен бізді қаламыздың төңірегінде де, демалу орындары жөнделіп, көрікті жерлер көбейгені жайлы айтып, бірнеше суреттер көрсету
Сөйлем құрастырып айтуға жаттықтыру үшін оқушыларды шеңбер бойына отырғызу. Әр оқушы «Сен білесің бе?» деп бастап өзі білетін мағлұматты айтады. Келесі оқушы: «Жоқ білген жоқпын немесе білемін, бірақ сен мынаны білесің бе?» деп басқа мәлімет айтады. Өз ойын толық жеткізу үшін суреттерді, белгілерді қолданады. Оқушылар өз ойларымен бөліседі. Әр оқушы табиғат аясына шыққанда көргені жайлы айтады. Оқушыларға қаламыздың табиғат аясында көргендерін өзгелермен бөлісу үшін өткен сабақта жасаған постерлерінің негізінде сөздерді, сөз тіркестерін, қысқа сөйлемдерді суреттермен, белгілермен толықтыра отырып, не жазатындарын айту.
Туристік постер үлгісін оқушыларға көрсету.
(МК,Т,Ұ,Ө) Туристерге арналған жарнама постер жазу үшін «Бірлесіп жазу» әдісін қолдану. Сұрақ белгілерін, нүкте, леп белгілерін қолдануды үйрету.
«Бірлесіп жазу» әдісінің кезеңдері:
1. Оқушыларалдында ойды дауыстап айту, сөз тіркесі/сөйлемді дұрыс құру үлгісін көрсету. Сөйлемнің түсінікті болуына назар аударту. Туристерді қызықтыру үшін қандай сөздер қолдану керек деп ойлайсыңдар? Тақтаға сөз тіркесі/сөйлемді жазу. 2-3 сөйлемді құру, жазу және тексеру жолдарын үлгілеу,
2. Оқушылардың келесі сөйлем туралы ойларын тыңдау, мағыналы сөйлем немесе сөз тіркестерін дұрыс құру дағдыларын бекіту. Оқушылар көмегімен сөз тіркесі/сөйлем құрып, тақтаға жазу.
3. Оқушылардан келесі сөйлем не туралы болатынын ойланып, өз бетімен немесе жұпта параққа сөз, сөз тіркесі немесе сөйлем жазуын сұрау. Жазған сөз тіркесі/сөйлемдерін жоғары көтеріп, көрсетуді сұрау (осы сәтте бақылау арқылы бағалау). Оқушылардың өз бетімен жазылым тапсырмасын орындауға қаншалықты дайын екендігін тексеру.
Оқушылар топпен жұмыс істейді. «Біздің ғажайып табиғатымыз» тақырыбына жасаған постер бойынша жазба жұмысын жүргізеді. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар қосымша мәліметтер жаза алады. Өзге оқушылар жай сұраққа ғана жауап жазады. Жер-су және адам аттарын дұрыс жазуларын қадағалау. Оқушылар сөйлемдерін шимай параққа жазып, соңғы нұсқасын таза дәптерге жазады. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Постер жасау «Э» дыбысы мен әрпі 1 сынып сауат ашу, сауат ашудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, сауат ашу кыска мерзимди сабак жоспары, Постер жасау «Э» дыбысы мен әрпі