Жазу ережелері (2 сынып, II тоқсан )

 Жазу ережелері (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім
Сабақ тақырыбы: Жазу ережелері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Ж1 Мәтіннің түрлерін ажырату және өз ойынан мәтін құрап жазу
2.3.1.1 Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттарды жазады.
Ж4 Өз ойынан мәтін жазу
2.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен шағын мәтін құрастырып жазады.
Ж6 Өз көзқарасы негізінде әр түрлі жанрларда мәтін жазу
2.3.6.1 Белгілі бір мақсатқа сай және өзгелерді сендіру үшін сөздерді немесе суреттерді қолданып, шағын мәтіндер жазады.
Ж 12 Пунктуациялық нормаларды сақтау
2.3.12.1 Сөйлем түрлерін құру барысында бас әріп пен сәйкес тыныс белгілерді (үтір, нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі) өз бетінше дұрыс қолдана біледі.
Сабақ мақсаттары: Оқушыларды сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырып, тиісті тыныс белгілерін қолдана отырып, мәтін жазуға үйрету.
Сабақ барысы: (Ұ) Оқушылар үзіліс кезінде қандай іс-әрекеттерді байқағанын әңгімелейді.
(МТ) Бүгінгі сабақта үзіліс кезіндегі ойын ережелері мен қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттар жазатыны түсіндіріледі.
Оқушылар үзіліс-перемена-turn, мәтін-текст-text, жазу-письмо-letter сөздерін айтып, естеріне сақтайды.
(Ұ,Қ) Оқушыларға үзіліс кезін бейнелейтін суреттер беріледі. Әр оқушы осы суретке сәйкес «Үзілісте» тақырыбында шағын мәтіндер жазады. Сөйлем түрлерін ажыратып айтады.
Мысалы: Алақай, қоңырау соғылды! Айдар үзіліс кезінде аулаға шығып ойнады. Марат пен Самат кітапханадан кітап алды.
- Алма, не жазып отырсың? т.с.с.
(Ж) Оқушылар үзіліс кезінде көргісі келетін оң қылықтар мен көргісі келмейтін теріс қылықтарды анықтаулары үшін берілген ережелерді кестеге орналастырады. Мысалы,
Оң қылықтар Теріс қылықтар
Сәлемдесу Дәлізде жүгіру
Өзінің жұмыс орнын реттеу Сынып бөлмесінде жүгіріп ойнау
Мұғалімнің рұқсатынсыз аулаға шықпау Бірін-бірі итеру
Дидактикалық ойындар ойнау Доппен ойнау
........................... ................................
(Ұ) Сергіту сәті.
(Т, Қ) Оқушылар топқа бөлінеді. Жұппен толтырған кестені негізге ала отырып, бағытталған жазу әдісі арқылы осы шақта үзіліс кезіндегі негізгі ережелерді жазады.
(Дифф.) Қабілеті жоғары оқшыларға ережені жазу ұсынылса, ал жазу қабілеті төмен оқушыларға ережені оқу ұсынылады.
(МК) Жазбас бұрын сөйлемдерді ауызша айтып, әртүрлі сөздер мен сөз тіркестерін таңдап жазуды көрсету. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланыста болатынын. Сөздердің байланысын сұрақтар қою арқылы анықтайтынын. Әр сөйлемнің бас әріппен жазылатынын еске түсіру.
Сондай-ақ,
- ереже ерекшеліктерін есте сақтаулары;
- сөйлемдерді оқырман түсіне алатындай етіп жазулары;
- жазу кезінде тыныс белгілерін дұрыс қоюлары ескертіледі.
Мысалы:
 Үзіліс кезінде мұғалімдермен сәлемдесуді ұмытпа;
 Өзіңнің жұмыс орныңды реттеп қой.
 Сынып бөлмесінде жүгіріп ойнама.
 Есіңе сақта! Сынып бөлмесіндегі электр желілеріне жақын ойнама! .........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру