«Ұқсатым. Сән. Талғам.» (7 сынып, II тоқсан, 3 бөлім )
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: «Ұқсатым. Сән. Талғам.»
Сабақтың тақырыбы: «Ұқсатым. Сән. Талғам.»
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.А1. Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту.
Сабақтың мақсаттары: Оқылымға қажетті сөздердің мағынасын біледі. Мақал-мәтелдер, терминдерді қолданып, мәтін мазмұнын дамытады.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. «С», «Ә», «Н» әріптері бойынша үш топқа бөлінеді, сабақтың тақырыбын анықтайды.
3. «Мәскеудегі сән апталығында қазақстандық дизайнерлердің киім үлгілері жоғары бағаланды» деген
4. Жұптық жұмыс. Сұрақтарға жауап беру.
- Сәнді киіну деп нені түсінесіз?
- Сіз қалай киім таңдайсыз?
- Үйлесімді киіну жұмыс (сабақ) пен үйге де қатысты айтыла ма? Әлде тек қонақтық, кештер мен театрға қатысты ма?
5.Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлері талқыланады.
Топтық жұмыс.
Оқылым алдындағы тапсырма: оқылымдағы маңызды сөздерді үйрету (сәнді, сымбатты, күтім, бұрым, өрген, бойжеткен, жарасымды, сырт келбет, өзіндік өрнек, ұмтылу, ізде, ұқыптылық, үйлесу )
Сөз Анықтамасы Сөйлем
Бағалау. Топтар бір-бірін тексереді.
Жеке жұмыс.Негізгі тапсырма.Оқушылар «Мен жастарға сенемін» мәтінімен танысып, мақал-мәтел, неологизмдерді теріп жазып алады.
«Мен жастарға сенемін», – деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, ұлтымыздың болашағы бүгінгі жастардың қолында. Қыз бала 14-15 жасқа жетісімен-ақ бой түзей бастайды. Үсті-басын таза ұстап, сәнді киінуге, сымбатты көрінуге тырысады. Модаға сай киіну – қымбат киімдерің болсын деген сөз емес, ол – азғана киімнің болып, соны ұқыптылықпен, орны-орнымен, сәнімен киіну, яғни үстіндегісінің бәрі бір-бірімен үйлесіп тұрсын деген сөз. Қыз баланың көркі- арқасына өрген білектей бұрым. Қыз баланың талғаммен киінуінің бір сыры – өз тұрқының кейбір табиғи кемістігін жасырып, жақсы жағының бәрін айқын көрсете алатындай, яғни моданы өзіне бейімдей ала білуінде. Жас адамның, әсіресе, қыз баланың бүкіл кескін-келбеті (отырыс-тұрысы, жүріс-жүгірісі, сөз саптауы, жұртпен қарым-қатынасы т.б.) әсем де нәзік болуы тиіс. Жақсы мінезге қыз бала жастайынан үйренсе ғана, ол бойға қонымды болмақ.
Көрік дегенді тек әсемдік, әдемілік деп түсіндірілсе, онда ол жансыз бұйым ғана болар еді. Қадыр Мырза Әлінің қанатты сөздерінде «Әдемі қыз – көзіңе жақын, әдепті қыз – көңіліңе жақын»– дегені бар. Әлбетте, қазіргі кезеңде әдепті болып, елдің көркіне айналу – кез-келген жанның қолынан келе бермейтіні де ақиқат. Десек те, жаһандану үрдісінен қалмай, ата-дәстүрді берік сақтаған, үлкеннің алдын кесе өтпейтін, тәрбиелі де ибалы қазақ қызы деген атқа лайық болу керек. Бүгінгі күні ана тәрбиесімен бірге көше тәрбиесі де әсер етуде. Қызды да, ұлды да орта тәрбиелейді. Қазіргі орта – айналаңда кіндігін ашқан қыздар. Ата-ана жеңілтектіктен бойларын аулақ ұстауға, қыздарға тән ізеттілік пен инабаттылықты бойларына сіңіріп, өсіруге тырысуда.
Күлкінің қымбат екенін ұғындырып, «Жігіттің күлегеші – атының соры, қыздың күлегеші – бақытының соры» деп тәрбие беруде. Бұдан шығатын қорытынды, қыздың сыры ішінде болып, жұмбақ қалпын берік ұстанғаны абзал. Өзге жұрттың жылтырауығының бәріне қызығып, оны талғаусыз қабылдай беру қашанда ұлт бітімі үшін жақсылық әкелмейді. Қаракөз қарындастарымыз әрқашан ақылды, арлы, ибалы болса, әсем де сүйкімді көрінеді. Өйткені «Өңді қыздың бәрі жөнді қыз бола бермейтіні» сияқты адамның қымбаты ақылы мен ары арқылы айқындалады. Адамның сыртқы сымбаты мен ішкі қымбаты қабысса ғана, жарасымдылық өз орнын табады.
Бағалау. Оқушылар дәптерлерін бір-бірімен алмасып тексереді.
Қорытынды тапсырма: оқушылар «Мен жастарға сенемін» мәтінінің негізінде, мақал-мәтелдерді орынды қолданып, мәтін мазмұнын дамытады.
«Мен жастарға сенемін» мәтінінің мазмұнын, мақал-мәтелдерін мен неологизмдерін пайдаланып, қыздарға кеңес беріңдер. Көріністеді көрсетуге болады. Шешілмеген мәселердің дұрыс шешімін табу керек.
Бағалау критерийлері:
1.Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіреді.
2.Мәтін мазмұнын дамыта алады.
1-топтың мәтіні.
• Тахмина сәнді және әдемі киінгенді жақсы көретін. Ол қиынға соқпайтын, себебі бай адамдардың қызы болатын, ата-анасы еш нәрседен кенде қылған жоқ. Өзінің бос уақытын ол танымал дүкендерде өткізіп, өзінің онсыз да үлкен гардеробын жаңа киімдермен толықтыратын. Басқа қыздармен сөйлескен әр кезде, Тахмина оның басынан аяғына дейін сынап қарап шығатын. Адамдарды тек киімі бойынша қабылдап, тұрпатына қарай сыйлап, ол «әдемі орамға» тәуелді болды және өз сенімділігін тек осыдан алатын.
2-топтың мәтіні.
• Райхан ерке болғанымен, анасының алып берген киімін ғана киеді. Оған ешқашан қарсы келіп көрген емес. Қалаға келгеннен кейін құрбыларының көйлектерін кигісі келді, сондай сатып алғысы келді. Алайда ол ең алдымен анасы бұл қылығын құптамас деп ойлады. Өз киімдерін таза ұстап, артық киім сатып алмауға тырысты. Құрбыларымен дүкенге барса да, көзі қызықса да, өзіне өзі сенімді бола алмады. Райхан адамды киіміне емес, біліміне қарап бағалаған дұрыс деп есептейді.
1-топтың мәтіні.
• Күнсұлу қолына ақша тисе, оған киім немесе аксессуар алу үшін базарға жүгіреді. Ол үшін ең бастысы – әдемілік. Әдемілік көп ақшаны қажет етеді. Әкесі меселін қайтарған емес. Қасындағы құрбыларынан бұрын алтын сырға, сақина тақты, ақ, қара, қоңыр түсті етіктерді бір жылда ғана киеді. Шаштаразға, маникюр мен педикюрге тұрақты түрде барып тұрады. Оның гардеробында әр көйлекке арналған аяқ киім мен аксессуарлар бар. Сондықтан шығар ол өзін ерекше жақсы көреді, үнемі макияж жасайды. Білімді болу міндет емес, әдемі қыз болсаң, бақытты етер жігіттің өзі қасыңнан табылады деп санайтын...
Бағалау. Топтар бір-бірін бағалайды.
Мұғалім кері байланыс береді.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары «Ұқсатым. Сән. Талғам.» 7 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, «Ұқсатым. Сән. Талғам.»