«Ұқсатым. Сән. Талғам.» №3 (7 сынып, II тоқсан, 3 бөлім )
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: «Ұқсатым. Сән. Талғам.»
Сабақтың тақырыбы:«Ұқсатым. Сән. Талғам.» №3
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:7.ТБ1.2 Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану.
Сабақтың мақсаттары:Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін біліп, жазба жұмыстарда қолдану.
Сабақ барысы: Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
«Дәу піл» ойыны арқылы сабақтың тақырыбын анықтау:
Үлкен, кіші, күшті, тез, тыныш, таза қандай сөз табына жатады?
Ал оларға қосылған -ырақ/-ірек, -рақ/-рек жұрнақтары не үшін қолданылып тұр?
Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін түсіндіру:
Суреттерге қарап, мысалдар арқылы ережесін шығару:
Салыстырмалы шырай – бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырай түрі.
Жасалу жолдары: -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.
Мыс: ауырырақ, кішірек, ақшыл, жылылау.
Күшейтпелі шырай – белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі. Мыс: Сап - сары, өте жарық, аса маңызды.
Асырмалы шырай сын есімге өте, тым, аса, әбден, орасан, нағыз, нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады: тым үлкен, аса бай.
Мұғалімнің сөзі:
Киім адамзат үшін сыртқы ортаның әсерінен қорғаныс пен жылыну құралы ғана емес. Бұл адамның беделінің, қоғамдағы дәрежесінің бірден-бір көрсеткіші. "Адам көркі шүберек" демекші, ортамыз бізді киген киімімізге қарап бағалайды. Ал жалпы киім өзінің қожайыны жайлы не айта алады? Осы туралы мәтін оқимыз.
Практикалық тапсырма. Оқушыларға «Киім - мінез айнасы» мәтіні бес бөлімге бөлініп таратылады.
ЖЖ Мәтінді оқып, асты сызылған сын есімдерден салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырай жасаңыздар.
Классикалық үлгідегі киімді өзіне сенімді адамдар таңдайды деген пікір қалыптасқан. Бұл рас, алайда классикаға құмар жандар қатарына өз таңдауын жасауға қорқып, классикалық киімді кисем, қателеспеймін-ау дегендер де енеді екен. Бұл екі топты ажырататын айқын белгілер бар. Ол адамның осы киімде өзін-өзі ұстауы. Әсіресе адамның пиджакты қалай киіп жүретіндігіне назар аударыңыз. Өзіне сенімді кісі пиджагын кішкене ұқыпсыз киеді, оны еш уақытта барлық түймелеріне түймелемейді. Ал өзіне сенімсіз адамдар керісінше пиджагын соңына дейін түймелеп, қорғаныс ретінде қолданады екен. Дәстүрге сай, тұрақтылықты қолдайтын адамдар екі қатар түймесі бар пиджактарды таңдайды. Ал бірқатар түймесі бар пиджактың иесі жайдары, ашық жүзді кісі болады.
Спорттық үлгідегі киімді тек спортшылар киеді деп кім айтты? Жоқ, спорттық киімдерді көп нәрсеге көңіл бөле бергісі келмейтіндер де сүйіп киеді екен. Джинсы шалбары, кеды не кроссовкалар, жалпы спорттық киім қазіргі жастардың дертіне айналды. Психологтардың айтуынша бұндай киім үлгілерін ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүретін, қиналғысы келмейтін адамдар таңдайды екен. Басқа жақтан қарағанда, бұндай "жеңіл жол" қазіргі үлкен қалалардағы өмірге сай ыңғайлы әрі жеңіл болады.
Этно үлгісіне сай киінетін адамдар саяхаттауды жақсы көреді екен. Біртүрлі шалбарлар, үнді сариі, қызықты суреттер. Осындай ерекшеліктері бар киімді таңдайтын жандар батыл, ашық, өнерпаз адамдар болады. Олар көпшіліктің арасынан көрініп, көзге түседі. Алайда кейде арманға беріліп, бастаған істерін соңына дейін істемеуі мүмкін.
Қыз ба, жігіт пе? Ауыр әскерлік етіктер, камуфляж түсті киім, жігіттерге сай күңгірт түстер... Осындай киім киген қыздар өзінің табиғи нәзіктігін жоққа шығарғысы келеді. Бұндай қыздар берген уәделеріне берік, сенуге тұрарлық жандар. Өз сезімталдығын "жігітше киімнің" астына тығып, адамдарға жан дүниесін ашпайды.
Қысқы белдемше, ашық кеуде, биік өкше, шілтер не мөлдір киім... Гардеробыңызда осындай бір-екі зат болуы әбден мүмкін. Ал киімінің бәрі тек осындай "ұятты" болса ше? Тым ашық киінетін қыздардың жалғыз мақсаты - жігіттердің көңілін тарту. Ол ортасының әшкерлеуін елемейді, аңсаған мақсатына кез келген жолмен жете алады.
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі Дескрипторлар
Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін түсініп, ережесін шығара алады; Ереже шығара алады
Мәтіндегі сын есімдерден салыстырмалы шырай жасай алады
Мәтіндегі сын есімдерден күшейтпелі шырай жасай алады
Мәтіндегі сын есімдерден асырмалы шырай жасай алады
Ф. Жұптар бір-бірін критерийлер арқылы бағалайды
Түрлі түсті қағаздарда жазылған рөлдерді таңдайды, түстер бойынша 4 топқа бөлінеді. 2 журналист, 4 көрермен, 2 дизайнер, 4 тұтынушы болады.
Қолдануға ұсынылған сөздер: сипат, сәңгер, үлгілер, осы заманғы, көлем, алуан түсті, ерекшеленеді, мүмкіндігі бар, қолан шаш.
Төрт сөйлем әдісін ұсынуға болады.
1.Пікір 1 сөйлем
2.Дәлел 1 сөйлем
3.Мысал 1 сөйлем
4.Қорытынды 1 сөйлем.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары «Ұқсатым. Сән. Талғам.» №3 7 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, «Ұқсатым. Сән. Талғам.» №3