Отан оттан да ыстық (5 сынып, III тоқсан, 2 бөлім )

 Отан оттан да ыстық (5 сынып, III тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің - Тәуелсіз Қазақстаным.
Сабақтың тақырыбы: Отан оттан да ыстық

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу
Сабақ мақсаты: Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту
Психологиялық ахуал орнату:
«Біз – Отанның ұланымыз» әнін сыныппен орындау.
Мұғалім ән мәтінін оқушыларға таратып береді.
Тақырыпты болжау: Сұрақтар арқылы
- Ән не туралы?
- Қай жолдары есімізде қалды?
Топтастыру: «Кемедегінің жаны бір» әдісі арқылы
Мұғалім тақтаға кез-келген оқушыларды шақырады, тақтаға шыққан оқушылар өз кемесінің көшбасшысы болып, өз тобына адамдарды таңдайды.
Назарын шоғырландыру
Миға шабуыл: «Синквейн» әдісі арқылы оқушылар Отан туралы өз түсініктерін айтады.
1. Зат есім
2. Сын есім
3. Етістік
4. Сөйлем
5. Синоним
1-қадам. Оқылымалды тапсырма: Сөздік жұмысы
Оқушылар мұғалім көмегімен жаңа сөздермен танысады.
Топ ішіндегі оқушылардың әрқайсысы 1-2 жаңа сөзді пайдаланып, сөйлемдер құрап, бір-біріне оқиды. Сөздер қайталанбауы, барлық жаңа сөздер қамтылуы керек:
Атамекен-туған жер-Отан, дүниеге келген-кіндік қаны тамған, рух-күш-қуат, жанын пида ету-өзін құрбан ету, ардақтау-қадірлеу-құрметтеу
2-қадам. Оқылым: «Отан оттан да ыстық »
Оқылым «Ақпараттағы ақаулық» әдісі бойынша жүзеге асады.
Мұғалім әр топқа бір мәтінді бөліктерге бөліп береді.
Әр оқушы өз бөлігін топтағы басқа оқушыларға дауыстап оқиды, ақылдаса отырып, тұтас мәтінді құрастырады.
Оқылым тапсырмалары
А) Мәтін негізінде сөйлемдерді жалғастырып жазыңыз.
1. Отан – бұл _________________________.
2. Отан үшін ___________________________ .
3. Отанды ардақтау _______________________.
Ә) Мәтінді өз сөзіңізбен тобыңыздағы оқушыларға мазмұндаңыз.
Бағалау критерийі Дескриптор
Оқылым мәтінінен негізгі ақпараттарды анықтау және түсіну Жаңа сөздерді қолдана отырып сөйлемдерді жалғастырып жазады
Мәтін бойынша түсінгенін сауатты, түсінікті, өз сөзімен мазмұндайды
Қалыптастырушы бағалау
Топтағы оқушылар бағалау критерийлері бойынша сағат тілі бағытымен бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, бір-біріне түрлі-түсті стикерлер береді.
Жасыл түс – критерийлер толығымен орындалған;
Сары түс – ұсыныстарым бар;
Қызыл түс – критерийлердің көпшілігі орындалмаған;
Мұғалім оқушылардың жұмыстарын бақылап, кері байланыс береді.
3-қадам. Оқылымнан кейінгі тапсырма: «Бекеттер»
Мұғалім сынып қабырғасына бекеттердің суретін жабыстырып, сұрақтарды іліп қояды.
Оқушылар бейнеролик көреді: М.Мақатаев «Отан туралы»
Бір-бірімен кездейсоқ жұптасып, бекеттердегі сұрақтарды талқылайды. Әр бекетке 2 мин уақыт беріледі.
1-бекет:
«Патриот болу – бұл өз Отаныңды жүрегіңде сақтау». Осы тұжырыммен келісесіз бе?
2-бекет:
«Отан үшін отқа түс күймейсің» деген мақалды қалай түсінесіз?
3- бекет.
Отанымыз Қазақстанның өткені/бүгіні/болашағы қандай?
4-бекет
Сіз өз Отаныңыз Қазақстан үшін не істей аласыз?
Бағалау критерийі Дескриптор
Тақырыпқа қатысты өз көзқарасын білдіру Өз көзқарасын түсінікті жеткізеді
Нақты мысалдармен дәлелдейді
Жаңа сөздерді қолданады
Қалыптастырушы бағалау
Оқушылар бағалау критерийлері негізінде бір-біріне түрлі-түсті стикерлер береді.
Мұғалім бақылауы бойынша өз пікірін білдіреді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру