Желтоқсан оқиғасы (5 сынып, III тоқсан, 2 бөлім )
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің - Тәуелсіз Қазақстаным.
Сабақтың тақырыбы:Желтоқсан оқиғасы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:Ж2.Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.
Сабақ мақсаты: Құрылымын сақтай отырып, «Желтоқсан оқиғасын» сипаттап эссе жазу .
Сабақ барысы:Сабақтың басы
7-8 мин Қызығушылықты ояту
Психологиялық ахуал орнату:
«Сергек сана» әдісі бойынша оқушылар мен мұғалім шеңбер жасап тұрады. Мұғалім қолындағы допты кез келген оқушыға лақтырып өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды (сөздік жұмысы, мақал-мәтелдер сұрауына да болады). Жауап берген оқушы допты келесі оқушыға лақтырып, ойын ары қарай жалғасады.
Миға шабуыл: «Суреттер сөйлейді»
Мұғалім тақтаға Желтоқсан құрбандарының портреттерін іледі.
- Оқушылар суреттегі тұлғалар кімдер?
- Олар туралы не білеміз?
Мұғалім оқушылармен пікір алмаса отырып, жаңа тақырыпты шығарады.
Сабақтың ортасы
Назарын шоғырландыру
1-қадам. Бейнеролик: «Желтоқсан желі»
Талдау сұрақтары:
- Бейнероликте қандай оқиға сипатталған?
- Неліктен автор: «Тоңдырды мені, тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы»,- дейді?
- «Бабалар өлер,
Балалар келер,
Аналар берер тіршілік.
Гүлденер дала,
Түрленер қала,
Бұтаққа жаңа бүр шығып». Осы оймен келісесіздер ме?
2-қадам. Ізденіс жұмыстары (Т)
- Желтоқсан оқиғасы мен желтоқсан құрбандары туралы не білеміз?
Оқушылар топтағы оқушылармен бірлесе отырып қосымша ақпарат көздерінен(кітап, газет, ғаламтор) желтоқсан оқиғасы және Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев т.б. туралы ақпараттар жинақтайды.
3- қадам. Сипаттау эссесін жазу (Ж)
Бағалау критерийі Дескриптор
Жан-жақты ақпараттарды қолдана отырып, сипаттамалы эссе жаза алады Оқиғаны жан-жақты сипаттайды
Желтоқсан құрбандары туралы деректер келтіреді
Құрылымы мен көлемін сақтайды
Қалыптастырушы бағалау
Топтағы оқушылар бағалау критерийлері бойынша сағат тілі бағытымен бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, үздігін ортаға шығарады.
Мұғалім оқушылардың жұмыстарын бақылап, кері байланыс береді.
Сабақтың соңы
4-5 мин Кері байланыс:
Оқушылар сабақ бойынша өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды:
Не білдім? Не білгім келеді?
Үй тапсырмасы: Тәуелсіздік туралы өлеңдер жаттау.
М: М.Шаханов «Желтоқсан алаңы» .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Желтоқсан оқиғасы 5 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Желтоқсан оқиғасы