Төрт түлік мал (5 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )

 Төрт түлік мал (5 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі
Сабақтың тақырыбы:Төрт түлік мал
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:О5. Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу.
Сабақтың мақсаттары:Тақырыпқа қатысты мәліметтерді саралайды.
Сабақ барысы: Ой қозғау.
Бұл жерде оқушыларға жануарлардың суретерін көрсетесіздер. Оқушылар берілген суреттердің көмегімен жаңа тақырыпты болжайды, олар жайлы ойларын 2 минут уақыт ішінде жұпта бір-біріне әңгімелейді.
Мұғалім оқу мақсаттарымен таныстырады, жетістік критерийлері оқушылармен бірге ойластырылады.
Оқылым алдындағы тапсырма. «Solo» әдісі бойынша жұптар берілген сурет
негізінде сұрақтарға жауап береді.
Кім ? Не? Қашан? Қайда? Қалай? Неліктен?
Суретте бейнеленген жануарлардың қайсысы төрт түлік малға жататындығын анықтайды.
Оқылым тапсырмасы
Оқылым мәтіні
Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған.
Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар оны үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгеге иесіне сыйлық беретін болған.
Сиыр малы момақан, қазақ халқы үшін көбінесе тамаққа жараған, сүттен айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік сияқты тағамдарды дайындаған. Түйе мен жылқыны, өгізді көлік ретінде пайдаланады, шанаға, арбаға, малға жегеді, салт та мінеді.
Қой – төрт түлік малдың ішіндегі ең сүйіктісі. Өзі момақан, сүті майлы әрі жұғымды қой малын ата-бабамыз ерекше қастерлеген.
Ешкі де өсімтал малдың бірі болғандықтан, қадірлі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады.
Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланып отырған. Жылқының жалынан арқан, сиыр мүйізінен тарақ жасаған, қой жүнінен киіз, текемет, сырт киім, түйе жүнінен шекпен тоқыған. Осындай аса құнды мал болғандықтан, қазақтар өз балаларын да «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп еркелетіп отырған.
Бұл жерде оқушылар мәтін мазмұнын толық меңгереді. Оқушылар жұпта меңгерілген мәтін бойынша берілген ақпарат көзінен тақырыпқа қатысты мәліметтерді анықтау үшін кестемен жұмыс істейді.
«Ривин кестесі» бойынша мәтінмен жұмыс
Мәтін атауы Тірек сөздер Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат
Жұптар орындаған жұмысты топта талқылау мақсатында мұғалім сыныпты «Мозайка» әдісі арқылы 3 топқа бөледі. (Мозайкаға тақырыптарға сәйкес 3 сурет ұсынуға болады)
Оқушылар топта өздерінің жұптық жұмыстарымен бірін-бірі таныстырады және стикер арқылы бір-бірінің жұмысына кері байланыс береді.
Рефлексия «3-2-1» стратегиясы
1. Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;
2. Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;
3. Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.
Рефлексия жасау үшін дайын құрылым беріледі, оқушылар бүгінгі өзінің әрекетіне талдау жасайды. Сол арқылы мұғалім бүгінгі сабақтың сәтті және сәтсіз тұстарын анықтай алады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру