Менің денем –идеяларды есте сақтау №2 (1 сынып, 8 бөлім )

 Менің денем –идеяларды есте сақтау №2 (1 сынып, 8 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақтың тақырыбы:Менің денем –идеяларды есте сақтау№2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.3 Мәтіндегі негізгі және қосалқы ақпараттарды анықтау және болжау
1.1.3.1 Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады,/ таниды.
2.3 Мәтіннің негізгі қырларын анықтау және талқылау
1.2.3.1 Естіген/тыңдаған мәтіндегі таныс сөздерді табады.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді. Естіген/тыңдаған мәтіндегі таныс сөздерді мұғалім көмегімен табады.
Көбі: Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, таниды. Естіген/тыңдаған мәтіндегі таныс сөздерді өз бетінше табады.
Кейбірі: Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады,/ таниды. Естіген/тыңдаған мәтіндегі таныс сөздерді табады және мағынасын түсіндіре алады.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
(МК) (Ұ) Дене мүшелерін көрсету үшін дыбыстық белгілерді қолдану, мысалы, төрт рет қолын шапалақтау, саусақты үш рет сыртылдату, екі рет аяқпен тарсылдату, сол кезде оқушылар дене мүшелерін атауын айту немесе көрсетулері керек. Мысалы, Қол! Саусақ! Аяқ!
Бүгінгі сабақтың тақырыбы:
Менің денем –идеяларды есте сақтау№2
Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты:
• Жанрларды ажырата білу;
• Өлеңнен дене мүшелерін таба алу;
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
(Ж) Оқушылар жұптасып, адамның денесі бейнеленген постерге дене мүшелерінің аттарын дұрыс қояды.
Тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті әріптерді қойып жаз. (Ө,Ұ, Ы, Қ, Ғ, І, Ә, Ү)
К... зі, к...зі,
М...рыны, ауз...,
...ол, ая....ы к....ш... .
Б...рінен ...лкен ...ші.
Бұл к...м бөтен?
Жо... . Бұл мен...ң б...пем!
Оқушылар көп нүктенің орнына әріптерді қойып жазып болған соң, дұрыс жазғандарын жұптар бір-бірін тексеріп бағалайды.
Сұрақтарға жауап беру:
 Бұл жанр бойынша не?
 Оны қалай дәлелдейсіңдер?
 Бұл өлеңде қандай дене мүшелері айтылған
СЕРГІТУ СӘТІ
Оқушылар өлеңді оқиды. Іс-қимылмен көрсетеді. Және өлеңде қандай дене мүшелері туралы айтылғанын айтады. Сонымен қатар сергіту ретінде айтып қолданады.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы, қырлы жерлермен
Ытқып- ытқып секірді.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру