Ертегі елінде «Шалқан» ертегісін мазмұндау №2 (1 сынып, 6 бөлім )

 Ертегі елінде «Шалқан» ертегісін мазмұндау №2 (1 сынып, 6 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
Сабақтың тақырыбы:Ертегі елінде: «Шалқан» ертегісін мазмұндау№2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.3 Мәтіндегі негізгі және қосалқы ақпараттарды анықтау және болжау
1.1.3.1 Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады,/ таниды
2.4 Диалогке қатысу
1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы,мәселені түсінгенін көрсетеді.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады. Сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
Көбі: Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады,/ таниды. Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
Кейбірі: Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады,/ таниды. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
Оқушылар шеңберде тұрып, тізбекпен бір-бір сөйлемнен «Шалқан» ертегісін мазмұндайды.
Ерте ерте ертеде... бір кемпір мен шал болыпты. Олардың қызы, иті, мысығы және тышқаны болыпты. Бірде шал шалқан отырғызады. Күн шығады. Жаңбыр жауады.. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.
Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды.
Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды.
Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды тарта алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды тарта алмайды.
Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды жұлып алады.
Соңында, шал, оның кемпірі, қызы, иті мысығы және тышқан шалқаннан жасалған дәмді сорпаны ішеді.
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру