Тазалықты сүйемін № 7 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

 Тазалықты сүйемін № 7 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Тазалықты сүйемін № 7
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы мәліметтерді түсіну
3.1.4.1 тыңдаған мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен оқиғалар ретін анықтау
2.1 Сөздік қорды толықтыру
3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Тыңдаған мәтіннің тақырыбын анықтайды, берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табады.
Оқушылардың көпшілігі:
Тыңдаған мәтіндегі оқиғалардың ретін анықтайды, сөйлеу барысында тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданады
Оқушылардың кейбірі:
Тыңдаған мәтін бойынша өз ойын білдіреді, оқиғалар ретін анықтайды, сөйлеу барысында сөздерді дұрыс қолданады, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.
Сабақ барысы: Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: «Сенім аралы»
Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне, «Мен саған сенемін, себебі сен ...» сөйлемді бір сөзбен аяқтайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. Сөйлемді мынандай сөздермен аяқтауға болады: мейірімдісің, ақылдысың, әдептісің, ұқыптысың, тәртіптісің, әдемісің, т.б.
Үй жұмысын тексеру «Шеңбер бойымен әңгімелеу»
Оқушылар шеңбер бойынан кетпей тұра береді. Мұғалім 1 оқушыға үй тапсырмасын әңгімелеуді бастауды тапсырады. (өткен сабақтағы оқылым мәтіні) бірінші сөйлемді айтады. Екінші сөйлемді келесі оқушы жалғастырып айтады. Осылайша шеңбер бойымен мазмұндау жалғаса береді.
Оқушылар қысқа бейнефильм көру арқылы жаңа сабақтың мазмұнын болжайды.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
- тыңдаған мәтіннің тақырыбын, оқиғалар ретін анықтаймын;
- сөйлеу барысында тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданамын.
(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: көтер, қоқыс, таста
1. Осы сөздердің мағыналарын синонимдері, антонимдері, суреттері арқылы меңгерту
Қоқыс (суреті көрсетіледі) – қоқсық, қоқыр-соқыр
Көтер – түсір (мағынасы қарама-қарсы сөз), қимылмен көрсету
Таста – лақтыр (ым-ишара, қимылмен көрсету)
Көтер – көтер+ме, таста-таста+ма
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
3. Сөйлемдер құрастыру.
Біздің үйде қоқыс құбыры бар. Қоқысты жәшікке таста. Әлібек інісінің сөмкесін көтереді.
5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.
Тыңдалым алды тапсырмасы.
(МК, Ұ) Тыңдалым мәтінінде кездесетін таныс емес сөздерге түсінік беру: саябақ, балмұздақ, қуану, орама қағаз, ластау.
Ой шақыру:
 Көшеде қағазды қайда тастайсыңдар?
 Қоқысты жерге тастауға болады ма? Неліктен?
Тыңдалым кезіндегі тапсырма.
(Ұ) Мәтінді мұқият 2 рет тыңдайды, сұрақтарға жауап береді, мәтіннің мазмұны бойынша сөйлемдерді ретімен орналастырады.
Әділ анасымен саябаққа келді. Саябақта ол алтыбақан, әткеншек тепті. Анасы Әділге балмұздақ сатып берді. Ол қуанды. Әділ балмұздақтың орама қағазын жерге тастады.
Анасы:
- Әділ, қағазды жерден көтер, - деді.
Әділ:
- Неге? - деді
- Жерді ластама. Табиғатты аяла. Қоқыс жәшігіне таста.
(Ө) Сұрақтарға жауап береді:
1. Әділ анасымен қайда келді?
А. Саябаққа
Ә. Мұражайға
Б. Дүкенге
2. Анасы Әділге не сатып берді?
А. Сағыз
Ә. Балмұздақ
Б. Кәмпит
3. Әділ балмұздақтың орама қағазын қайда тастады?
А. Жерге
Ә. Қоқыс жәшігіне
Б. Өзенге
4. Анасы Әділге не деді?
А. Табиғатты аяла.
Ә. Жерді ластама.
Б. Қоқыс жәшігіне тастама.
5. Мәтін не туралы?
А. Қоқысты тастамау
Ә. Балмұздақ жеу
Б. Саябақта қыдыру
6. Әділ балмұздақтың орама қағазын қай жәшікке тастау керек?
Жауап беріп болған соң, мұғалім оқыған дұрыс нұсқамен тексереді. Өз-өздерін бағалайды.
 Мен өте жақсы түсіндім.(5 балл)
 Мен жақсы түсіндім.(4 балл)
 Мен орташа түсіндім.(3 балл)
 Мен дұрыс түсінген жоқпын.(2 балл)
 Мен мүлдем түсінген жоқпын.(0-1 балл)
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
(Ж) Мәтіннің мазмұны бойынша сөйлемдерді ретімен орналастырады.
Сөйлемдер Реті (1,2,3...)
Әділ балмұздақтың орама қағазын жерге тастады.
Анасы Әділге балмұздақ сатып берді.
Анасы: «Әділ, қағазды жерден көтер» - деді.
Әділ анасымен саябаққа келді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру